Илон Маск Tesla-ның бюджеттік моделі қашан шығатынын айтты

Фото: ©REUTERS

Tesla, SpaceX компанияларының негізін қалаушы, кәсіпкер Илон Маск 3 жылдан соң Tesla көлігінің бюджеттік моделі шығатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Verge сайтына сілтеме жасап.

Tesla, SpaceX компанияларының негізін қалаушы, кәсіпкер Илон Маск 3 жылдан соң Tesla көлігінің бюджеттік моделі шығатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Verge сайтына сілтеме жасап.

Жаңа көліктің бағасы 25 мың доллар (10,6 миллиона тенге) болмақ.

Сайттың мәліметінше, бүгінде ең арзан Tesla Model 3 седанының құны 37 990 доллар (16 миллион теңге). Ал ең қымбат Model X көлігі, оның бағасы 79 990 доллардан (33,9 миллион теңге) басталады.

Реклама
Реклама

Илон Масктың айтуынша, көлікті жаңа аккумулятормен жабдықтау арқылы электрмобиль бағасын арзандатуға болады. Ол мұндай аккумулятор әлдеқайда күшті және 2 есе арзан болатынын айтады.

Соңғы 10 жылда заманауи электромобильдегі аккумуляторлардың сыйымдылығын өлшеу үшін қолданылатын кВт/сағ (киловатт-сағат) энергия бірлігінің бағасы күрт төмендеген. 2010 жылы бір кВт / сағ үшін баға 1100 доллар, ал 2010 жылы ол бір кВт/сағ үшін 156 долларға, яғни 87 пайызға төмендепті.

Сарапшылар 2023 жылға қарай баға бір кВт/сағ үшін 100 долларға жетеді деген болжам жасап отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама