Jeep табылған ақауларына байланысты Қазақстандағы автокөліктерін кері қайтарып алады, деп хабарлайды "Колеса" америкалық марканың өкілдері таратқан ақпаратқа сүйене отырып.
Jeep табылған ақауларына байланысты Қазақстандағы автокөліктерін кері қайтарып алады, деп хабарлайды "Колеса" америкалық марканың өкілдері таратқан ақпаратқа сүйене отырып.
Онда компанияның кері қайтарып алулары Қазақстанда ресми түрде сатылған, жол талғамайтын 84 Grand Cherokee мен 164 Liberty автокөлігіне қатысты болады делінген.
Америкалық Jeep автокөлігі өкілдерінің айтуларынша, машиналарды кері қайтарып алуға жанармай құятын бактар себеп болып отырған көрінеді. Ол апат бола қалған жағдайда тез жалындап жанатын көрінеді. Олар мұның бірнеше рет адам өліміне апарып соққанын да атап өткен. Сарапшылардың пікірлері бойынша бұл аталған модельдердің құрылымдық (конструктивтік) міні болып табылады екен.
Әйтсе де, аталған автокөлік маркасының өкілдері қате бар екенін жоққа шығарады. Бірақ олар егер жүргізушіде қандай да қауіп болса, онда машинаның сенімділігін арттыру үшін қосымша шаралар қолдануға дайын екендіктерін білдіруде.
Сонымен қатар, тағы бір кері қайтарып алу кампаниясы 2014 жылы шыққан Grand Cherokee автокөліктеріне де қатысты болады. Аталған марканың өкілдері ұсынған құжаттар бойынша, мұндағы мәселе алдыңғы жарты осьтерге орнатылған тозаңдықтардың дұрыс орналастырылмауы ықтималдықтығында екен.
Компания бұл ШРУС-тардың (тең бұрышты жылдамдықтар топсасының) ерте тозуына апарып соғуы мүмкін деп санайды. Айта кетейік, енді Jeep Grand Cherokee (1993-1998 жылдары шыққан) және Liberty (2002-2007 жылдарғы) автокөліктер қожайындары дилерлік орталыққа барып, мән-айды толық білгендері дұрыс.