Қарашада жаңа көліктер саудасы 24 пайызға өскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарашада жаңа көліктер саудасы 24 пайызға өскен

Қазақстан автобизнесі ассоциациясының мәліметінше, қараша айында отандық дилерлер 8186 жеңіл автомобиль, 1034 жүк көлігі мен автобус сатқан. 2020 жылдың он бір айында нарық 24 пайызға өсіп, 82 683 автокөлік сатылған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан автобизнесі ассоциациясының мәліметінше, қараша айында отандық дилерлер 8186 жеңіл автомобиль, 1034 жүк көлігі мен автобус сатқан. 2020 жылдың он бір айында нарық 24 пайызға өсіп, 82 683 автокөлік сатылған. 

"Нарық 24 пайызға өскен. Ел арасында танымал көліктердің дефицитіне қарамастан, дилер орталықтары ұтымды ұсыныс пен арзан бағамен сатып алушыларды қызықтыра алды. Жаңа жыл алдындағы жарыс басталғалы жатыр. Екі апта тынымсыз сатылым болады", - дейді Қазақстан автобизнесі ассоциациясының вице-президенті Анар Макашева.

Қарашада Hyundai көліктері сатылым көрсеткіші бойынша көш басына шықты. Дилерлер Hyundai Trans Kazakhstan зауытының автокөлігін сатып, рекорд көрсеткішке қол жеткізді. Былтырға қарағанда Hyundai көлігін сатып алушылар саны 30 пайызға өскен (2166 дана). "СарыарқаАвтоПром" өнеркәсібінің Chevrolet көлігі екінші орында –1865 данасы сатылған. Lada көлігі үштікті түйіндеді. 

4. Toyota – 719 көлік сатылған (сатылым былтырғымен салыстырғанда 43 пайызға төмендеген)

5. Kia – 506 (+1 пайыз)

6. Volkswagen – 297 (+313 пайыз) 

7. JAC  – 296 (+107 пайыз)

8. Nissan – 274 (+15 пайыз)  

9. Renault – 223 (-15 пайыз)

10. Ravon – 151

Chevrolet Nexia моделінің 1004 данасы сатылып, қарашада көш бастады. Осы аралықта 982 Hyundai Accent көлігі сатылған. Үштікке Chevrolet Cobalt (640 данасы сатылды) көлігі де енді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети