Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Қазақстанда халықтық көлік атанып кеткен, әрі бағасы да аса қымбат емес кейбір жеңіл көліктердің сырттан әкелуіне тыйым салынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Колеса" порталына сілтеме жасап. Бұл санкция Кедендік одақтың "Көліктердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне енгізілген кейбір өзгерістерге байланысты жүзеге асты. Жаңа өзгерістерге байланысты сырттан әкелінетін жаңа көліктерде кемінде бір дана қауіпсіздік жастықшасы, тежегіштің ABS жүйесі, нәрестелерге арналған ISOFIX орындығы және иммобилайзері болуы шарт. Ал өзбек елінде шығарылған Daewoo Nexia мен Daewoo Matiz маркалы көліктерде бұл талаптардың бірі жоқ. Uz Daewoo Қазақстан өкілінің сөзіне қарағанда, Nexia мен Matiz көліктері ағымдағы жылғы қаңтардың 5-інен бастап Қазақстанға мүлде импортталмаған. "Дәл қазіргі уақытта қазақ елі аумағына өткен жылдары әкелінген көліктер ғана сатылып жатыр. Ал болашақта көрсетілген талаптардан өту үшін "Nexiа" атауын "Gentra" деп өзгертіп қана қоймай, халықаралық талаптарға сай қондырғылардың барлығын орнатуды да көздеп отырмыз", - деді автодилер. Айта кетейік, 2013 жылы Қазақстанда Nexia-ның 10 мың, ал Matiz-дің 13 данасы сатылған. Қауіпсіздік жастықшасы жоқ LADA 4×4 және UAZ көліктеріне қатысты талаптар 2015 жылдан бастап жүзеге асырылатын болады. LADA 4×4 және UAZ-ға да қойылған талаптың бір жылға кейінге шегерілуіне бұл көліктердің Кедендік одақ аумағында шығарылғандығы әсер етсе керек.
Қазақстанда халықтық көлік атанып кеткен, әрі бағасы да аса қымбат емес кейбір жеңіл көліктердің сырттан әкелуіне тыйым салынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Колеса" порталына сілтеме жасап. Бұл санкция Кедендік одақтың "Көліктердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне енгізілген кейбір өзгерістерге байланысты жүзеге асты.
Жаңа өзгерістерге байланысты сырттан әкелінетін жаңа көліктерде кемінде бір дана қауіпсіздік жастықшасы, тежегіштің ABS жүйесі, нәрестелерге арналған ISOFIX орындығы және иммобилайзері болуы шарт.
Ал өзбек елінде шығарылған Daewoo Nexia мен Daewoo Matiz маркалы көліктерде бұл талаптардың бірі жоқ. Uz Daewoo Қазақстан өкілінің сөзіне қарағанда, Nexia мен Matiz көліктері ағымдағы жылғы қаңтардың 5-інен бастап Қазақстанға мүлде импортталмаған.
"Дәл қазіргі уақытта қазақ елі аумағына өткен жылдары әкелінген көліктер ғана сатылып жатыр. Ал болашақта көрсетілген талаптардан өту үшін "Nexiа" атауын "Gentra" деп өзгертіп қана қоймай, халықаралық талаптарға сай қондырғылардың барлығын орнатуды да көздеп отырмыз", - деді автодилер.
Айта кетейік, 2013 жылы Қазақстанда Nexia-ның 10 мың, ал Matiz-дің 13 данасы сатылған.
Қауіпсіздік жастықшасы жоқ LADA 4×4 және UAZ көліктеріне қатысты талаптар 2015 жылдан бастап жүзеге асырылатын болады. LADA 4×4 және UAZ-ға да қойылған талаптың бір жылға кейінге шегерілуіне бұл көліктердің Кедендік одақ аумағында шығарылғандығы әсер етсе керек.