Қазақстанда 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары арасында 643581 жеңіл көлік тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары арасында 643581 жеңіл көлік тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасында 643581 жеңіл көлік тіркелген. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 11,9 пайызға кем екен.
Сондай-ақ, ведомствоның мәліметінше, 2016 жылы 17 974 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 25 779 адам зардап шеккен Бұл былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5 пайызға азайған.
Ал 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 22,7 миллиард теңге сомасына 67 076 сақтандыру төлем жүзеге асырылған.