Қазақстандық Автобизнес Қауымдастығының (ҚАБҚ) мәліметтері бойынша, тамызда қазақстандық автодилерлер жалпы сомасы 94,4 миллиард теңгеге 8 639 жеңіл автокөлік мен жеңіл коммерциялық техника (шілдемен салыстырғанда +24 пайыз), сондай-ақ, 1 112 жүк көлігі мен автобус сатқан. 2020 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша, нарық 16,4 пайызға өскен, яғни, барлығы 53 409 автомобиль сатылған (2019 жылдың қаңтар-тамызында 45901 автомобиль).

"Тамыз тарихи тұрғыдан сатылымның маусымдық өсімін көрсетті, биыл да өсім байқалады. Оның үстіне, бұл - биыл 9 мыңнан аса автокөлік сатылған екінші ай. Мұндай маңызды нәтижелер, бір жағынан, өткен айлардың кейінге қалдырылған сұранысына, екінші жағынан, дилерлердің қорларын толықтыруна байланысты. Автокөліктерге сұраныс айдан-айға артып келеді, бұл Қазақстан нарығының әлі де шегіне жетпегенін көрсетеді", - деді ҚАБҚ вице-президенті Анар Мақашева.
Барлық сатылымның 67 пайыздан астамын құрайтын алғашқы бестік әлі де өте тығыз. Есептің айда ең көп сатылған жеңіл автокөлік маркалары рейтингінде Hyundai көш бастап тұр - 1697 көлік (2020 жылғы шілдеге қарағанда +37,1 пайыз). Lada сатылған 1 642 автокөліктің нәтижесі бойынша екінші орында (-6,7%). Наурызда нарыққа оралған Chevrolet автокөліктері қарқынды өсіп жатыр, 1 299 көлік сатылған, тамызда олар үшінші орынды иеленді (+258 пайыз). Toyota тамызда 1 173 автокөлік сатып, төртінші орында (+38 пайыз) тұр.
B классындағы қол жетімді жергілікті модельдерге сұраныс әлі де өсіп жатыр, сегменттің бір бөлігі Қостанайдан шыққан Ravon автомобильдеріне тиесілі - тамызда 817 автомобиль сатылған. Kia алтыншы орында, өткен айда 587 (-4,6%) автокөлік сатылған. JAC дилерлері жетінші орында (408 көлік, 148,8 пайыз). Volkswagen 281 көлік сатып, сегізінші орында келеді (24,3 пайыз). ТОП-10 тізімін түйіндегендер - Nissan (247 көлік; +22,3 пайыз) мен Renault (215 көлік; +18,1 пайыз).
Жеңіл көліктер бөлімінде Ravon Nexia R3 бірнеше айдан бері көш бастап тұр - тамызда 730 седан сатылған. Алғаш рет екінші орынға Chevrolet Cobalt шықты - 675 седан. Тамыздағы үздік үштікті 608 көлік сатқан Lada Vesta түйіндейді. Төртінші орында - Hyundai Accent (553 көлік). Бұл тізімге енгендер: Toyota Camry (486 көлік), Lada Granta (460 көлік), Hyundai Tucson (422 көлік), Kia Rio (343 көлік), Hyundai Creta (330 көлік), Lada 4x4 (299 көлік).
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!