18 қазан 2017 | 10:42

Қазақстанда көлік тіркеу процесі 20 минутқа дейін қысқарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kolesa.kz © Kolesa.kz

Қазақстанда көлік тіркеу процесі 2 сағаттан 20 минутқа дейін қысқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов Facebook желісінде жазды.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда көлік тіркеу процесі 2 сағаттан 20 минутқа дейін қысқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов Facebook желісінде жазды.

Ол арнайы ХҚКО-ларға күн сайын мыңдаған адамның келетінін айтты. Айтуынша, бұған дейін процедура 6 сағатқа дейін созылатын. Қазір болса айыппұлы мен салығы төленген көлікті екі сағатта тіркеуге болады. Алайда бұл уақыттың өзін қысқарту жоспарланып отыр екен. 

"Арнайы ХҚКО-лардағы қызметті қалай оңтайлы етуге болады және қызмет алуды қалай жеңілдетуге болады? Бұл мәселені ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев көтерді және автокөлік тіркеуін электронды форматқа ауыстыруға ұсыныс түсті. ҚР Ішкі істер министрлігімен біріге отырып, біз бұл мәселені ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсындық және премьер-министрдің орынбасары Жұмағалиев Асқар Қуанышұлының жетекшілігімен шешім қабылдадық", - деп жазды Оспанов. 

Оның айтуынша, бұл процесс былайша жүзеге асырылады: "Қазір сіз көлік сатып алғанда сатушымен бірге арнайы ХҚКО-ға келіп, көлікті иеліктен шығаруға және қоюға құжат өткізіп, жаңа нөмірді екі сағаттай уақыт күтесіз", - дейді ол қазіргі процесс туралы.

"Ал енді көлікті тіркеуге өтінішті онлайн тапсыруға болады. Бастапқыда электронды үкімет порталында өтініш түсіресіз, онда төленбеген айыппұлдар, салықтарды бірден тексеріп, мемлекеттік нөмір таңдайсыз, сосын сатушы келісімді растап, сіз кузовты тексеруге кез келген техбайқау пунктіне немесе арнайы ХҚКО-дағы ангарға барасыз (осы уақытта жаңа техпаспорт дайындау процесі жүріп жатады). Көлікті тексерген соң полиция қызметкері тіркеуді аяқтап, сіз арнайы ХҚКО-да дайын нөмір мен техпаспортты ала аласыз немесе осы құжаттарды "Қазпошта" АҚ арқылы ыңғайлы мекенжайыңызға жеткізіп беруге тапсырыс қалдыра аласыз. Осылайша автокөлікті тіркеу уақытын екі сағаттан 20 минутқа қысқарту жоспарланып отыр", - деді Оспанов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети