01 қазан 2015 | 12:01

Қазақстанда мың адамға 252 автокөліктен келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Қазақстанда мың адамға 252 көліктен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай мәліметті бүгін Қазақстан машина жасаушыларының ІІІ форумында Pricewaterhouse Coopers компаниясы автомобиль-логистикалық дамыту саласы бағытындағы директоры Шалқар Нұртілеуов келтірді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда мың адамға 252 көліктен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай мәліметті бүгін Қазақстан машина жасаушыларының ІІІ форумында Pricewaterhouse Coopers компаниясы автомобиль-логистикалық дамыту саласы бағытындағы директоры Шалқар Нұртілеуов келтірді.

"Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің паркі 4,4 миллион бірлікке тең. Автокөлік санының өсімі халық санының өсімінен артып отыр. Қазір Қазақстанда әрбір мың адамға 252 автокөліктен келеді. (...) Қазақстанда жаңа автокөліктер үлесін арттырудың мүмкіндігі зор", - деп келтірді статистикалық мәліметтерді Нұртілеуов.

Сонымен қатар, ол әр өңірде автокөлік санының артуының немен байланысты екенін түсіндірді. "Халықтың жан басына шаққанда жеңіл автокөліктердің саны жағынан көшбасында - Алматы, Астана, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысы тұр. Солтүстік Қазақстан өңірі мен жалпы қалалар бойынша айтқым келетіні, өсім соңғы жылда күрт артты. Бұл бірінші кезекте өңірдің геосаяси және географиялық орналасуымен байланысты болып тұр, Ресей Федерациясына жақын орналасқан. Адамдар Ресейге автокөлік алу үшін ағылды және бұл көрсеткіш солтүстікте артты. Зор әлеуетті Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарынан да көріп отырмыз. Бұл жақта халық тығыз орналасса да халықтың жан басына шаққандағы автокөліктердің саны әлі де төмен", - деді ол.

Импортталатын және отандық көліктердің саудасы туралы сөз қозғаған Нұртілеуов отандық автоөндірушілердің ештеңеге қарамастан, бұл саланың дами түсуіне мүдделі екендерін айтты. "Біз қазір қазақстандық сатып алушылардың Ресейден ішкі нарыққа әкелу серпінін бақылап отырмыз, рубль теңгеге қатысты диссонансқа түспейді, сондықтан қазір Ресейге барудың пайдасы жоқ", - деді Нұртілеуов қазақстандықтардың қазір отандық автоөндірушілерге бет бұрғандарын айтып.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети