Қазақстандық автодилерлер автокөліктерді онлайн-сатуды белсенді дамытуда. Бұл үрдіс ішінара жарты жылдан бері жалғасып келе жатқан карантиндік шектеулермен байланысты, дегенмен ол - авторитейлдегі заманауи әлемдік трендтердің бірі. Отандық дилерлер де келешекте осы бағыттан бас тартпайтынын алға тартады. Онлайн клиенттерге автокөлік сатып алу қаншалықты ыңғайлы? Осыны Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.
Қазақстандық автодилерлер автокөліктерді онлайн-сатуды белсенді дамытуда. Бұл үрдіс ішінара жарты жылдан бері жалғасып келе жатқан карантиндік шектеулермен байланысты, дегенмен ол - авторитейлдегі заманауи әлемдік трендтердің бірі. Отандық дилерлер де келешекте осы бағыттан бас тартпайтынын алға тартады. Онлайн клиенттерге автокөлік сатып алу қаншалықты ыңғайлы? Осыны Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.
Айта кету керек, авторитейлдің интернет-кеңістігіне өтуі - бір қарағанда ұсақ көрінгенімен, әлдеқайда жаһандық процесс. Интернет-дүкендер де жақында пайда болды. Алайда, бүгінгі күні олардың қызметтерін миллиондаған адамдар пайдаланады.
Сонымен бірге, әлемдік авторитейл 100 жылдан астам уақыт бойы әдеттегі схема бойынша жұмыс істеді: сатып алушы бірнеше автосалонға барады, кеңесшілермен әңгімелеседі, белгілі бір модельді таңдауға тоқталады, тест-драйвтан өтіп, ақырында өзінің жеке көлік құралын алады.
Психологтар миллениал немесе Y буыны үшін (әлеуметтанушылар шартты түрде оларға 1981 жылдан 1996 жылға дейін туылған адамдарды жатқызады), онлайн сатып алу көп жағдайда сатушымен "тірі" байланысқа қарағанда әлдеқайда қолайлы екенін айтады. Оның үстіне миллениалдар, әсіресе мегаполистердің тұрғындары уақытты үнемдеуге дағдыланған. Қазіргі уақытта олар автосалондардың ең көп мақсатты аудиториясын құрайды.
Еуропалық және шетелдік сатып алушылар интернет арқылы автокөлікті спорттық аяқ кимді сатып алудан қиынырақ емес деп пайымдай бастады. Себебі киім тура келмеуі мүмкін. Ол жекелей келеді. Мысалы, сіз онлайн сатып алған көліктер автосалонда сатып алынғаннан өзгеше болмайды. Әрине, түстер мен комплектацияны қоспағанда. Десек те, кез келген жағдайда сатып алушыға өзі күткенін иеленуге кепілдік береді.
Пандемия жағдайындағы көлік сатылымы
Бүкіл әлемдегі автодилерлер COVID-19-дан бірнеше жыл бұрын ғаламтор кеңістігін игере бастады. Frost & Sullivan халықаралық консалтингтік компаниясының мәліметі бойынша, өткен жылы Интернет арқылы 825 мың жаңа автомобиль сатылды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 30 пайызға артық. Рас, тұтастай алғанда әлемдік автомобиль нарығындағы автомобильдердің онлайн-сатылымының үлесі әлі де төмен, ол 1 пайыздан да аз. Дегенмен, сандық автокөлік нарығы баяу, бірақ тұрақты түрде өсуде.
Қазақстандық авторитейл өкілдері электронды сатылымға мұндай жедел көшуді жоспарламағаны әбден мүмкін, олар ағымдағы жағдайға байланысты оны рекордтық мерзімде игеруге тиіс болды.
"Біз бұрын да сандық кеңістікке көшу туралы ойладық. Коронавирустық пандемия осы трансформацияны тездетті. Бізге жедел түрде бизнес-процестерге қайта қарап, digital-маркетинг саласындағы инвестицияларды ұлғайта дилерлік орталықтарымыздың барлық сайттарын онлайн сатуға бейімдеуімізге тура келді", - деп атап өтті Orbis Auto автомобиль тобының бас директоры Динара Ысқақова.
Алайда, Динара, автосалондардың көптеген өкілдері сияқты, Қазақстанда қашықтан сатуға толық көшу екіталай екеніне сенімді. Себеп - біздің менталитетіміз. Дей тұрғанмен, онлайн-сатып алулар негізгі карантиндік шектеулер алынып тасталғаннан кейін де қазақстандық автосалондарда өз жалғасын тапты.
Сатып алушылардың пікірі
"Мен автокөлікті несиеге алғым келмеді, - дейді автосалондар клиентінің бірі Ренат. - Көлікті онлайн сатып алу мүмкіндігі мені қуантты, себебі ТЖ басталуы доллар бағамының өсуімен сәйкес келді. Қай көлікті сатып алу туралы шешімді қабылдап, қолымда барлық қажетті сома болған кезде, автосалондар белгісіз мерзімге жабылды. Олар ашылған кезде бағалардың қалай болатыны да белгісіз. Қалай қам жегенімді айтпасам да түсінікті. Біріншіден, мен ескі көлігімді саттым, егер бағалар көтерілсе, мен біраз уақыт бойы жаяу жүргінші болуым керек еді. Менің жұмысым жағдайында бұл ыңғайсыздық тудырады. Оның үстіне мен көлік сатып алуға бел байладым. Шынымды айтсам, мен көлік брендтерінің бірінің сайтына тек бағаны анықтау үшін кіріп көрдім. Көлікті онлайн сатып алуға болатындығын көзім шалды. Әрине, мен бірден сатып алуға бекіндім. Рас, барлық соманы төлеу мүмкін болмады - тек алдын-ала төлем. Құжаттарды ресімдеуді күтуге де тура келді. Бірақ ең бастысы, ойымдағы көлікті жоспарлаған бағамен алдым".
Интернеттегі одан кейінгі сатып алулар туралы Ренат жауап беруде кідірді. Алдағы жылдары ол көлікті ауыстыруды жоспарламайды, уақыт өте көре жатады.
Ал алматылық салондардың бірінде клиенттердің бірі көлікті онлайн-сатып алуға уақытты үнемдеу емес, көлікті белгілі бір күнде алу ниеті түрткі болғанын айтады.
"Бұл - сыйлық. Нағыз керек шақта жүзеге асырылған іс болды. Сіз не сыйлауды жоспарлап отырғаныңызды айта аласыз, ал сыйлықты кейінірек сатып алуға мүмкіндік бар. Бірақ сол кезде ТЖ қашан аяқталатынын ешкім білмеді. Сондықтан мен онлайн сатып алуға шешім қабылдадым. Жоспарыма сәйкес, барлық шаруаны алдын-ала іске асырдым. Жалпы алғанда, пайда болған жалғыз кедергі - сол кезде автомобильді есепке қоюдың мүмкін болмауы. Дегенмен, ақыр соңында, бәрі өз уақытында жүзеге асты", - деді Тимур.
Шындығында, ол бұл қызметті одан әрі қарай пайдаланатынына бек сенімді емес:
"Мен өз әдетіңді өзгерте беретін жаста емеспін. Ұлым онлайн режимінде автокөлік сатып алу идеясын ұсынды, ал оған осының бәрі ұнайды. Маған ескі тәсіл етене жақын - автосалонға келемін, көліктерге көз саламын. Оның үстіне осы процесс менің көңілімнен шығады. Мен үшін бұл - демалыс".
Ал Станислав пен Виктор автомобильдерді сатып алмады, бірақ автосалондардың бірінде онлайн-бөлшектерге тапсырыс берді.
Төлемнен кейін Станислав автобөлшектерді басқа, орналасуы жағынан ыңғайлы, бір компания тобының салонында алуға мүмкіндік алды. Алайда, жалпы алғанда, ол онлайн-сатып алу тапсырыс үйге жеткізілген жағдайда ғана мағынасы бар деп санайды. Олай болмаған жағдайда, автосалонға бару қажет, ал неге сол жерде төлемді жасамасқа.
Виктор ресми дилерден онлайн бөлшектерді сатып алу мүмкіндігі қажет екеніне сенімді.
"Мен тек түпнұсқа бөлшектерді сатып алғым келеді. Тиісінше, мен оларды тек ресми дилерден сатып аламын. Мен күн сайын автосалонға баратын жолдан өтетіндігімнен, мен үшін бөлшектерге онлайн немесе орнында төлеу аса маңызды емес. Ыңғайлысы, әрине, онлайн. Мысалы, келесі бір жағдайды елестетіп көріңіз: сізге қажет бөлшектер қоймада жоқ. Сізге тапсырыс беру үшін алдын-ала төлем жасау керек. Бұл қисынды. Ал, егер онлайн төлем жасау мүмкіндігі болса, тауар келгенше күтесіз. Егер бұл функция жоқ болса, сіз автосалонға баруыңыз керек. Оның іс жүзінде қаладан шығар тұста орналасқанын ескерсек, уақытыңызды жұмсайсыз. Содан кейін тағы да қосалқы бөлікті алып кетуге баруға тура келеді", - дейді сатып алушы.
Гүлжан өзінің жаңа темір тұлпар үшін карантин кезінде алдын ала төлем жасады.
"Мен бұл көлікті карантинге дейін қарап жүрдім. Содан кейін қажетті сома пайда болды, мен төтенше жағдайдың аяқталуын күтпеуге, бірақ онлайн сатып алуды ұйымдастыруға шешім қабылдадым. Маған сілтеме жіберілді, ол арқылы мен көлік үшін кепілпұл төледім. Ешқандай мәселе туындамады. Карантиннен кейін мен салонға келдім, қалған соманы төлеп, көлікті алдым", - дейді клиент.
Алдағы уақытта Гүлжан интернет арқылы автокөлік сатып алу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
"Егер мен қандай машинаны алғым келетінін нақты білетін болсам, неге онлайн сатып алуды рәсімдемеске? Егер олар үйге құжаттармен және нөмірлермен әкелсе, бұл мүлдем керемет болмақ. Тағы бір айта кетерлік жайт, егер мен әлі көлік туралы шешім қабылдамасам, әрине, мұнда жеке келіп, оны көзбен көрген дұрыс", - дейді ол.
Ержан карантин кезінде жол талғамайтын көлік сатып алды.
"Мен көлікті бірінші рет сатып алып отырған жоқпын. Компанияға деген сенім бар. Сатып алуды жоспарлағаннан кейін, неге оны кейінге қалдыру керек? Онлайн, ол - онлайн. Және бұл өте ыңғайлы. Интернет арқылы бәрін төледім, автосалонға келдім, машина дайын. Отырдыңыз және әрі тарттыңыз. Ештеңені күтудің қажеті жоқ. Егер онлайн режимінде көлікті сатып алу жалғасса, мен осы жолмен көлік алуды жалғастырамын. Уақытты үнемдейді, - деді Ержан.
Алексей карантин кезінде көлікке тапсырыс берді. Ол оны кейінірек алды. Алайда, интернет арқылы автокөлік сатып алу мүмкіндігі оны қызықтырады.
"Жақында әкеміздің көлігін ауыстырдық. Ата-анам Алматыда тұрмайды. Нәтижесінде еңбек демалысының жартысын автосалондарды аралаумен өткіздік. Сонымен қатар, әкем өз көлігін сатуға асықты, кеңесу үшін менің келгенімді бірнеше ай күтті. Осының бәрін қарапайым түрде жүзеге асыруға болар еді: сайтқа кірдің, қаланы көрсеттің, модельді таңдадың, төлемді жасадың - көлікті құжаттармен, сақтандырумен және басқаларымен үйге әкелер еді. Сіз тіпті бантик байлап беруін де сұрай аласыз. Мұндай сыйлықтан бас тартпайсыз - бәрі реттелген. Маған да тыныш. Бос уақытымызды да пайдамен жұмсай аламыз", - дейді Алексей.
Дамир карантин кезінде көлік сатып ала алмады. Рас, төтенше жағдай кезінде несие беру тоқтатылды. Сондықтан ол өзінің көлігін маусым айында ғана алды:
"Осы үшін маған Павлодардан Нұр-Сұлтан қаласына баруға тура келді. Егер болашақта бәрін онлайн режимінде ресімдеуге мүмкіндік болса, көлікті үйге дейін әкеліп берсе, мен, әрине, бұл мүмкіндікті қолданушы едім. Тіпті өзге қалаға тасымалдауға қосымша ақша төлесем де. Бұл бәрібір арзан шығады. Маған жол жүруге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ", - дейді ол.
Сауалнама нәтижесі қандай?
Біздің сауалнама көрсеткендей, сатып алушылардың көпшілігі интернет арқылы автокөлікті сатып алу мүмкіндігі мен артықшылықтарына қызығушылық танытады. Сонымен қатар, бірқатар автосалондар көктемде карантин жұмсартылғаннан кейін офлайн-сатылымдар қайта жанданғанын қуанышпен хабарлады, оның үстіне онлайн-сатылымдардың үлесі 3-5 пайызға өскенін атап өтті. Бұл автокөлік дилерлері ашық болған кезде де қазақстандықтардың интернет арқылы темір тұлпарды сатып алуға дайын екендігін растайды.
Orbis Auto дилерлік тобының диджитал бөлімшесінің директоры Марат Көкенов мұндай қызығушылықты заңды деп санайды.
"Қазақстандық сатып алушы бұл форматқа оң жауап қатты, неге екенін түсіндірейін. Біріншіден, біздің нарықта онлайн-қызмет көрсету форматын пайдалануға арналған барлық құралдар бар. Күн сайын біздің азаматтар мессенджерлерді, бейнеқоңырауларды пайдаланады, танымал сайттарда бейнешолулар көреді және, әрине, тауарлар мен қызметтер үшін онлайн-банкингті және/немесе қолма-қол ақшасыз төлем түрін пайдаланады. Екіншіден, біздің дилерлік орталықтарымыз Қазақстандағы және жалпы әлемдегі ағымдағы жағдайға жедел жауап берді. Қызмет те қажет болған кезде пайда болды. Сондай-ақ, кэшбек түріндегі ауқымды плюс туралы да ұмытпаңыз", - дейді ол.
Айтпақшы, біздің кейіпкерлеріміз тап болған көптеген мәселелер шешілді. Мысалы, ТЖ кезінде автокөлікті есепке қою, сондай-ақ төлемді толық төлеу мүмкіндігі болмады - онлайн төлем кезінде банктік шектеулер болды.
Бүгінгі таңда көптеген автодилерлер осы мәселелердің барлығын пысықтап үлгерді. Тиісінше, онлайн режимінде сіз жаңа немесе жүрісі бар автомобильді таңдай аласыз, Trade-In бағдарламасы үшін өз көлігіңізді бағалай аласыз, қажетті шарттармен несие есебін ала аласыз, автомобиль үшін алдын-ала төлем жасай аласыз немесе автомобильді толығымен төлеп, оны бастапқы есепке қоя аласыз.
Сөз жоқ, қазақстандықтар еуропалықтар мен америкалықтарға қарағанда консервативті. Біз үшін автокөлік сатып алу - бұл рәсім. Алайда, өздеріңіз куә болғандай, консерватизм жайлылықпен бәсекелесетін жерде біз жайлылықты таңдауға дайынбыз. Біздің елімізде онлайн сату одан әрі дами түспек.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!