"2014 жылдың бірінші жартысында, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, Қазақстанда Renault көлігінің сатылуы екі есеге артып, оның саны төрт мың автомобильге жетті" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Ведомости" ақпарат құралына сілтеме жасап.

Белорусияда Renault автокөлігінің сатылуы 29 пайызға артып, 2100 автомобильге жетсе, Ресейде сегіз пайызға төмендеп, 96 421 автомобильді құраған. Басылымның мәліметіне қарағанда, Кедендік елдер аумағында Ресейде жасап шығарылған Renault автокөлігінің сатылымы жоғары. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл кедендік баж салығының болмауымен байланысты.
Renault автоконцерні 2014 жылы Кедендік одақ елдері аумағына экспортты екі есеге арттыруды жоспарлап отыр. Басты импортер Қазақстан болады деп күтілуде. "АСМ-холдингінің" мәліметіне қарағанда, Қазақстанда 2013 жылы жеңіл көлік саудасы екі есеге артып, 153 665 автомобильді құраса, ал Renault көлігінің сатылуы төрт еседен артық өсіп, 4920 автомобильге жеткен. Бұл көлік маркалары ішінде сегізінші орын болып табылады.
2013 жылы Беларусь елінің жеңіл көлік нарығында өсім 1/3 болып, 23 991 автомобильді құраған. Ал Renault көлігінің сатылымы 1,8 есеге артып, 3305 автомобильді құрап, жетекші орынды иеленген.