Қазақстанда шетелдік нөмірмен жүрген көлік иелеріне қанша айыппұл салынды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Әлихан Сариев © Әлихан Сариев

Қазақстанда соңғы үш айда шетелдік нөмірмен жүрген көлік иелеріне 20 мыңға жуық айыппұл салынған. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ресми жауабында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда соңғы үш айда шетелдік нөмірмен жүрген көлік иелеріне 20 мыңға жуық айыппұл салынған. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ресми жауабында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомство мәліметінше, Бас прокуратура комитеті мен Ұлттық банк жүйесіне қарасты Мемлекеттік несие бюросының бірлескен жұмысы нәтижесінде құқықбұзушыларды анықтау мүмкін болған. 

"2019 жылдың 21 қазаны мен 2020 жылдың 27 қаңтары аралығында шетелдік нөмірі бар автомобиль иелеріне 19 920 айыппұл салынған. Фотовидеотіркеу камераларын қолданудың әсері ретінде жол қозғалысы ережелерін бұзу және қоғамдық тәртіпті бұзу деректері анықталған. Бұл ақпаратты оператор өңдейді -
ішкі істер органдарының қызметкері сақтандыру полисінің мәліметтерін ескереді", - деді Бас прокуратура комитетінің өкілдері. 

Былтыр қазан айында шетелдік нөмірі бар жүргізушілерге айыппұл салынатыны айтылды. Төлеу туралы нұсқама жеке тұлға мен көлік туралы барлық қажетті сәйкестендіру мәліметтері көрсетілген сақтандыру полисінің деректері негізінде жасалады. Сол кездің өзінде шетелдік нөмірмен жүрген автокөлік иелеріне салынған айыппұлдары саны 60 мыңнан асып кеткен. Полиция қызметкерлері 817 миллион теңгеге айыппұл салған, алайда осы соманың 765 миллион теңгесі төленбеген.

Еске салайық, қазіргі таңда республикаға Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан аса көлік кірген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, мұндай көліктер Қазақстанда жол қозғалысы ережесін 90 мыңнан аса рет бұзған. Айыппұл сомасы - 1,1 миллиард теңге.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro