27 қаңтар 2014 | 14:03

Қазақстандағы ең қымбат автокөліктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ferrari 458. Құны 450 мың доллар. Сурет kolesa.kz сайтынан Ferrari 458. Құны 450 мың доллар. Сурет kolesa.kz сайтынан

Қазақстандағы ең қымбат көліктердің тізімі жасалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Бұл рейтинг "Колеса" сайтындағы сатылымға қойылған көліктердің бағасы бойынша түзілген. Рейтингке тек елімізде тіркелген автокөліктер ғана қатыстырылған. Ең қымбат 10 көліктің ішіндегі "ең арзаны" һәм "қолжетімдісі" Rolls Royce Phantom екен. Зауыттан 2006 жылы шыққан автокөлік қозғалтқышының көлемі 6,8 литр, қуаты 453 аттың күшіне тең. Көлік иесі бұл темір тұлпарына "бар болғаны" 350 мың АҚШ долларын сұрайды. Rolls Royce Phantom автокөлігінің беріліс қорабы 8 сатылы, автоматты және салоны люкс класты. Және автокөлік толықтай электрожүйеленген, орындықтары былғарымен қапталған. Рейтингтің келесі сатысында бірнеше орынды бірден иеленген (6-шы – 9-шы) Bentley Continental моделі. Аталмыш автокөліктің ең арзаны 350 мың доллар тұрса, қымбаты 375 мың доллар екен. Қалтасында осындай қомақты қаржысы бар сатып алушы 12 цилиндрлі W-үлгілі қозғалтқышы бар және көлемі 6 литрді құрайтын Bentley Continental автокөлігін тақымына баса алады екен. Бұл агрегатттың қуаты 616 аттың күшіне тең, 100 шақырым сағатты 4,2 секундта бағындыра алады. Қымбат автокөліктердің тізімінде 5-ші орынды 2011 жылы шыққан Rolls Royce Ghost иеленді. Зауыттан шыққанына 3-інші жылға қарағандықтан Rolls Royce Ghost седаны 20 мың шақырым жүріп үлгерді. Мыңдаған шақырымды шаңдатып үлгерсе де бұл автокөліктің нарықтағы құны 400 мың долларды құрайды. Құрастырылған зауыттары бір болғандықтан Ghost пен Phantom өте ұқсас, алайда Ghost-тың қозғалтқыш көлемі сәл аздау – 6,6 литр. Бұл агрегаттың иесі өзінің тұлпарының Қазақстан бойынша сатылымға қойылған жалғыз көлік екендігіне сендіреді. Бәсі жоғары, бағасы қымбат, неміс инженерлерінің қолынан 2009 жылы шыққан Maybach 62S рейтингтің төртінші сатысына жайғасыпты. Maybach 62S қозғалтқышының көлемі 6 литр, қуаты 630 аттың күшіне тең. Сүлік қара Maybach 62S автокөлігіне иесі 407 мың доллар сұрап тұр. Бұл көлік әзірге 37 мың шақырымды артқа тастап үлгерген. Рейтингтің "қола" жүлдесі Bentley Flying Spur автокөлігінің еншісінде. Конвейерден 2013 жылы шыққанымен бұл көлік әлі жүрілмеген. Қозғалтқыш көлемі 6 литрді құрайтын, толықтартымды Flying Spur бағасы 412 мың доллар. Бұл көлікке 21-дюймды дөңгелек орнатылған, салоны ағашпен әдіптелген. Бұдан бөлек Bentley Flying Spur автокөлігінде Naim for Bentley аудиожүйесінің түпнұсқасы орнатылған. Құны 450 мың долларды құрайтын Ferrari 458 ТОП-10-дықтың екінші сатысына орныққан. Бұл көліктің жылы жаңа болмаса да бар болғаны 500 шақырым жүрген. Автокөлік қозғалтқышының көлемі 4,5 литр. 570 аттың күшіне тең қуаты бұл суперкардың 100 шақырым сағатты 3,4 секундта бағындыруына мүмкіндік береді. Ferrari 458 автокөлігінің салоны былғарымен қапталған, Ал Қазақстан автонарығындағы ең қымбат автокөлік 2013 жылы шыққан Bugatti Veyron екен. Бұл көлік Алматыда тіркелген. Автокөлік қозғалтқышы W12 конфигурациялы және оның көлемі 8 литр. Bugatti Veyron автокөлігінің қуаты мың аттың күшіне тең. Осындай алапат қуат бұл агрегатқа 100 шақырым сағаттың апшысын 2,5 секундта қуыруға мүмкіндік береді. Bugatti Veyron автокөлігінің құны – 2,5 миллион доллар. Бұл рейтингке кейбір танымал модельдердің де кірмей қалғандығын айта кетейік. Мәселен, конвейерден 2012 жылы шыққан Mercedes-Benz SLS AMG автокөлігінің нарықтағы құны 350 мың долларды құрағанмен небәрі 11-ші орынды қанағат тұтыпты. Сондай-ақ 1986 жылдың "тумасы" ЗиЛ-117 "кеңестік лимузині" де бұл тізімнен тыс қалды. Дегенмен, бұл автокөліктің иесі темір тұлпарына 320 мың долларды ұялмай сұрай алады. Өйткені автокөліктің техникалық жағдайы өте жақсы сақталған. Және бұл тізімді "Чайка" деп аталған кеңестік раритет - ГАЗ-13 автокөлігі толықтырады. Бұл көлік Lexus базасында жасалған, сыртқы көрінісінде еш өзгеріс болмағанмен, ішкі әлемі едәуір жетілдірілген. Типтроник беріліс қорапты, толық электрленген, климат-басқару жүйесі орнатылған. Сондай-ақ, осыған ұқсас рейтингті 2011 жылы Tengrinews.kz түзген болатын. Ол рейтингте ең қымбат көліктер тізімін неміс және ағылшын автоөндірісінің өнімдері құраған болатын. Алайда, бағасы жағынан ең қымбаты – шеруге арналған ЗИС-110Б кабриолет болған. Автоөндірістен 1947 жылы бұл кабриолеттің сол кездегі құны 500 мың доллар болатын.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети