Фото auto.lafa.kz сайтынан
Ағымдағы жылы Қазақстанда 60 мың автокөлік құрастырылады деген жоспар бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР индустрия және жаға технологиялар министрі Әсет Исекешевке сілтеме жасап. Оның хабарлауынша, бүгінде аталған өнеркәсіптің өсу қарқыны 114,6 пайызды құрап отыр. Өндіріс көлемі 850 млрд. теңгеден асты. Өткен жылы 38 мың жеңіл автокөлік және 922 автобус құрастырылды. "Ағымдағы жылда да министрлік машина жасау саласын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлмек. Сөйтіп, биыл біз 60 мың автомобиль көлеміндегі көрсеткішті еңсеруді көздеп отырмыз", - деді ол министрліктің бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Ағымдағы жылы Қазақстанда 60 мың автокөлік құрастырылады деген жоспар бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР индустрия және жаға технологиялар министрі Әсет Исекешевке сілтеме жасап.
Оның хабарлауынша, бүгінде аталған өнеркәсіптің өсу қарқыны 114,6 пайызды құрап отыр. Өндіріс көлемі 850 млрд. теңгеден асты. Өткен жылы 38 мың жеңіл автокөлік және 922 автобус құрастырылды. "Ағымдағы жылда да министрлік машина жасау саласын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлмек. Сөйтіп, биыл біз 60 мың автомобиль көлеміндегі көрсеткішті еңсеруді көздеп отырмыз", - деді ол министрліктің бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде.