Қазақстанға көлік көп жеткізілетін елдер аталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанға көлік көп әкелінетін елдер аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға көлік көп әкелінетін елдер аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Алматы ЦТО" кеден бекетінің бас маманы Азамат Абдуловтың айтуынша, сырттан әкелінген автокөліктерге сараптама жүргізілген.

"Автокөлік импортында басымдық мына елдерде: Грузия, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея. Негізгі басымдық осы елдерде. Америка мен Еуропадан да импорттайды. Әртүрлі баға санатындағы көліктер: қымбатынан бастап қарапайым қазақстандықтың қалтасы көтере алатын бюджеттік көліктерге дейін. Мысалы, Hyundai Elantra, бұл бағасы жағынан да, кедендік ресімдеу жағынан да барлығына қолайлы, қозғалтқышы аз көліктер. Орташа алғанда мұндай көлікке кедендік төлемдер 1-1,5 миллион теңге болады", - деді маман.

Айта кету керек, автокөлікті Қазақстанға әкелу кезінде кедендік ресімдеуден басқа да шығындар қажет болады: бұл техникалық регламенттерге сәйкес қауіпсіздік сертификаты, бастапқы тіркеу үшін алым және утильалым.

"Көлiк құралының құрылымының қауiпсiздiгi туралы" техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтiн шетелдiк автомобильдер кедендiк ресiмдеуден өткiзiлмейдi. Бұл техникалық регламент экологиялық кластың талаптарын және шығарылған жылын анықтайды, жеңіл автомобильдер үшiн ол 2007 жылдан ерте емес", - дейді маман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro