07 ақпан 2014 | 13:54

Көлігінің шығынын "Алматытелекомнан" өндіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет көлік иесінен алынды Сурет көлік иесінен алынды

Жолдағы қақпақсыз құдыққа түсіп көлігін бүлдіріп алған алматылық "Алматытелеком" мекемесінің қаражатына темір тұлпарын жөндеп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Көлік иесі Николай Беланов соттың істі қарауынан әбден ығыры шығып, сотқа тартылған құдықтың қожаларынан ақшасын алуды ұйғарды. Еске сала кетейік, сот "Алматытелеком" мекемесіне 420 мың теңге төлеуді міндеттеген. Алайда көлік иесі тек материалдық шығынды ғана емес, бес миллион теңге мөлшерінде моралды шығынды өтеуді де сұраған. Тіпті Беланов Қазақстан Жоғарғы сотының қадағалау алқасына хат жазуды жоспарлаған. Бірақ арызды толық қанағаттандырудан бас тартқан кассациялық инстанция қаулысының көшірмесін әлі қолына алмаған. Беланов жол көлік оқиғасына бір жыл өткендіктен, автокөлік осы уақытқа дейін жарамсыз жағдайда тұрғандықтан, отбасына және балаларына ыңғайсыздық туғызғандықтан осындай ірі сомма талап еткенін түсіндірді. Көлігі жоқ болуы салдарынан ол екі рет жұмыстан қуылған екен. Оның үстіне Mitsubishi Montero автокөлігін несиеге сатып алған көрінеді. Жол көлік оқиғасы 2012 жылдың 21 қыркүйегінде болды. Беланов Рысқұлов даңғылының оң жақ шетінде келе жатқан. Жолдағы қақпақсыз құдыққа түсіп кетіп, аударыла жаздап, көлік рамасы соғылып, тіпті іс жүзінде артқы белдік жұлынып кетіп, көліктің қаңқасы зақымданған. 2012 жылдың желтоқсан айында ол бірінші Алматы қалалық әкімдігін сотқа берген, бірақ кейін ол құдық "Алматытелеком" ҚТО-ға тиесілі екенін білген.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети