08 желтоқсан 2014 12:04

Көлік жүргізудегі абайсыздықтың негізгі себептері анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Мамандар Алматы мен Астана жүргізушілерінің не себепті жолда жиі абайсыздық танытатындарын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауалнамаға 18-72 жас аралығындағы 1,5 мыңға жуық адам қатысты. Оларға мынадай сұрақтар қойылды: Сізді қозғалыс кезінде не алаңдатады? Сіз көлік айдау кезінде айналаңызға жиі қарайсыз ба?


Мамандар Алматы мен Астана жүргізушілерінің не себепті жолда жиі абайсыздық танытатындарын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауалнамаға 18-72 жас аралығындағы 1,5 мыңға жуық адам қатысты. Оларға мынадай сұрақтар қойылды: Сізді қозғалыс кезінде не алаңдатады? Сіз көлік айдау кезінде айналаңызға жиі қарайсыз ба?

Сауалнама нәтижесі бойынша телефонмен сөйлесу жүргізушілерді ең көп алаңдататын себеп болып шықты, бұл жауапты қатысушылардың 18 пайызы таңдаған. Олардың сегіз пайызы тіпті жолаушылардың телефонмен сөйлесуінің өзі алаңдататынын айтқан. Зерттеуге сәйкес, телефонмен сөйлесу жүргізушінің реакциясын екі есе төмендететіні анықталды.

Жауап бергендердің тағы 14 пайызы хабарлама жазып, селфи жасауға алаңдаймын деп жауап берген. Әрбір бесінші жүргізуші өмірінде бір рет болса да өзін көлік жүргізіп отырып, суретке түсіргенін мойындады. Айта кетейік, жүргізушілердің 20 пайыздан астамы көлік қозғалысы кезінде ұялы телефонды қолданады, солардың 75 пайызы қоңырау шалады немесе қоңырауға жауап береді, ал 21 пайызы хабарлама жазады.

Әрбір оныншы қатысушы көлік жүргізу кезінде балалар алаңдатады деп жауап берген. Осыған байланысты мамандар ата-аналарға балаларына жол қозғалысы ережелері туралы айтып отыруға кеңес береді. Мысалы, жүргізуші жолдың кез келген жеріне тоқтай алмайтыны жайлы. Сонымен қатар сапарға шығар алдында баланың қолына жаңа ойыншық беріп қоюға болады.

Тағы 10 пайыз қатысушы көлік жүргізу кезінде шылым шегу үшін алаңдайтынын айтты. Шылымды тұтату үшін 1,5 секунд уақыт кетеді, ал бұл уақыттың ішінде сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүретін көлік орта есеппен 30 метр жол жүреді. Ал қараңғы кезде отты тұтату көздің көруіне кедергі болып, жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін. Тоғыз пайыз жүргізуші радиотолқындарды ауыстыру мен желдеткішті қосудың өзі алаңдатады, деп жауап берген.

Сауалнамаға қатысқандардың сегіз пайызы тамақ жеу алаңдатады деген жауапты таңдады. Ал бес пайызы көңіл күйі болмағаны себепті абайсыздық танытатынын мойындаған. Шаш түзеу мен бет бояу да алаңдаушылық тудырады, бұл жауапты 3,5 пайыз жүргізуші таңдаған. Алайда 20,2 пайыз қатысушы көлік құралын басқару кезінде әрдайым мұқият екенін айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети