29 қараша 2018 | 15:02

Көліктің электронды төлқұжаты деген не?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Kolesa.kz басылымы 2019 жылдан бастап қазақстандық жүргізушілер алуы тиіс электронды төлқұжат және оны енгізу ережелерін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Kolesa.kz басылымы 2019 жылдан бастап қазақстандық жүргізушілер алуы тиіс электронды төлқұжат және оны енгізу ережелерін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, мұның алдында 2019 жылдың шілдесінде жүргізушілер үшін жаңа құжат - көлік құралының электронды паспортын рәсімдеу жоспарланып отырғаны жайлы хабарланған болатын.

Көлік құралының төлқұжаты - техникалық төлқұжат емес. Қазіргі таңда ҚР ІІМ беретін техникалық құжат пен көлік құралын тіркеу туралы куәлік көліктердің жол қозғалысына қатысуына мүмкіндік беруге негіз болады. Заңға сәйкес, техникалық құжатыңыз болмаса, сіз көлікті өз аулаңызда сақтай аласыз, ал көлікті көшеге тізгіндеп шығу үшін аталған құжат міндетті түрде керек болады.

Көлік құралының төлқұжаты - бұл темір тұлпар жайлы барлық ақпарат (шығарылған не ЕЭО аумағына кіргізілген жылы, өлшемі, салмағы, қозғалтқыш көлемі және т.б.) жазылатын көліктің туу туралы куәлігі іспеттес құжат.

Сонымен, мамандардың сөзіне сүйенсек, қатар, электронды паспортта мына мәліметтер қамтылады:

- көлік құралының иесі;
- техникалық байқау;
- шектеулер (мүліктің ауыртпалығы);
- автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғалары (болған күні, уақыты мен орны, келген зақымдардың сипаттамасы, одометрдің көрсеткіші);
- жасалған жөндеу жұмыстары (қашан, қайда жасалғаны, жұмыстардың атауы мен түрі, одометр көрсеткіштері) жайлы қосымша мәліметтер де тіркеледі.

Жөндеу жұмыстарынан бөлек, басқа қосымша мәліметтердің барлығы міндетті түрде толтырылуы тиіс. Құжатта берілген ақпараттың шынайы болуы үшін деректер базаға уәкілетті органдардың (ҚР ІІМ, ҚР ИДМ-нің Көлік комитеті, ӘМ және т.б.) ақпараттық жүйелері арқылы енгізілетін болады. Жеке деректер тек көлік иесінің келісімімен енгізіледі.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қызметкерлері айтқандай, көлік құралының электронды төлқұжаттары Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл аумағында қолданылады екен. Ережелер жобасында электронды құжаттарды рәсімдеудің шекті бағасы 4 500 теңге (соманың төмендетілуі не АЕК негізінде бекітілуі мүмкін) шамасында бекіту жоспарланып отыр. Бұл ретте құжатқа енгізілген әр өзгеріс үшін 3 300 теңге (шамамен) төлеуіңізге тура келеді.

Жүйе енгізілгенге дейін қолданыста болған автокөліктерге электронды төлқұжат қайта рәсімдеу кезінде беріледі. Ақылы түрде, әрине. Көлік жайлы ақпараттың барлығы техникалық төлқұжаттардың ұлттық операторының базасында сақталады және темір тұлпардың иесіне арнайы бланкіге жазылған үзінді көшірме түрінде беріледі. ҚР ИДМ қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі сәтте көлікке қатысты мәліметті үшінші тұлғаларға (мысалы,олар көліктің қашан елге кіргізілгенін, жол-көлік оқиғаларына қатысы барын анықтай алуы үшін) беру мүмкіндігі де қарастырылып жатқан көрінеді. Бұл ақпаратты электронды қолтаңба көмегімен сұраныс беру арқылы ақылы түрде (құны әзірше белгісіз) алуға болады деп жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети