20 желтоқсан 2022 | 08:00

Mycar.kz кеңейіп жатыр - Ақтауда франшизаның іске қосылуы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Mycar Aktau. Фото: баспасөз қызметінің мұрағаты Mycar Aktau. Фото: баспасөз қызметінің мұрағаты

Mycar.kz серіктестік желісі кеңеюде – жақында Ақтауда автоорталық ашылып, Mycar.kz экожүйесінің барлық өнімдері іске қосылды.


Иконка комментария блок соц сети

Mycar.kz серіктестік желісі кеңеюде – жақында Ақтауда автоорталық ашылып, Mycar.kz экожүйесінің барлық өнімдері іске қосылды.

Mycar.kz-тің Ақтаудағы серіктесі "Саяхат Индастриc Групп" ЖШС компаниялар тобы болды. Оның басшылығымен Маңғыстау облысында Hyundai және Chery дилерлік орталықтары жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Mycar.kz-тің алты автоорталығы табысты жұмыс істеуде (Алматыда екі автоорталық және Астана, Шымкент, Орал және Ақтау қалаларында бір автоорталықтан).

"Уәде еткеніміздей, биыл Қазақстанның батысында тағы бір франшизаны іске қосып, Ақтауда автоорталықтың жұмысын бастадық. Қала тұрғындарына автокөліктерді таңдау және сатып алу оңайырақ әрі ыңғайлы болды – экожүйе автокөлік әуесқойларының өмірін жеңілдететін қаржылық және басқа да қызметтердің толық кешенін ұсынады", - деді Mycar.kz бизнесті дамыту жөніндегі директоры Тимур Григорьев.

Аймақта жүрілген автокөліктерді тексеру бағдарламасы – Mycar Prime іске қосылады. Сондай-ақ, Mycar Finance микроқаржы ұйымынан автокредит немесе төлемді кейінге қалдыру арқылы сатып алу, Mycar Pro дилерлік орталықтарына арналған бизнесті автоматтандыру жүйесі және көптеген қосымша опциялары бар бірыңғай мобильді қосымша.


Mycar Aktau. ФОТО: баспасөз қызметінің мұрағаты

"Біз Mycar.kz-ті франшиза ретінде таңдадық, өйткені бұл компания нарықта өзін кәсіби команда ретінде танытты, автокөліктерді сатуда үлкен тәжірибесі бар және осы салада жетекші орынға ие. Осының арқасында біз өте қысқа мерзімде жоғары кәсіби деңгейде жүрілген автокөліктерді сатып алу және сату бизнесін іске қоса алдық. Оны клиенттеріміз бағалайтынына сенімдіміз", - деді Mycar Aktau автоорталығының директоры Мансур Рахметов.

Mycar.kz - қосымшадан, автоорталықтардан, микроқаржы ұйымынан және бизнесті автоматтандыру жүйесінен тұратын экожүйе. Брендтің барлық өнімдері қосымша арқылы қолжетімді, онда сіз автокөлікті таңдай аласыз, автокредитке алдын ала мақұлдау ала аласыз, сервиске немесе техникалық байқауға жазылуға және автокөлікті классифайд арқылы (онлайн хабаралама витринасы) сата аласыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети