Нұр-Сұлтанда ретро көліктер көрмесі өтеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметінен Сурет Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметінен

2019 жылғы 17 маусымда VII "Бейжің - Париж" халықаралық ретро раллиге қатысушылар елордаға ат басын бұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Әлемнің 30-дан аса елінің 120 бірегей сирек кездесетін автомобилін Достық көшесі № 2 сағат 16.30-20.00 аралығында көруге болады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2019 жылғы 17 маусымда VII "Бейжің - Париж" халықаралық ретро раллиге қатысушылар елордаға ат басын бұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Әлемнің 30-дан аса елінің 120 бірегей сирек кездесетін автомобилін Достық көшесі № 2 сағат 16.30-20.00 аралығында көруге болады.

Үш жылда бір рет өтетін Бейжің-Париж раллиі - 1907 жылы алғаш рет ұйымдастырылған автомобиль жарысы. Ол Бейжіңнен (Қытай) Парижге (Франция) дейін 14 994 шақырым арақашықтықты құрайды. Оған тек 1976 жылға дейін шығарылған көліктер ғана қатыса алады. Мысалы, Bentley, Lancia, Packard, Horch және құны миллион еуроға дейінгі басқа сирек кездесетін көліктер. Автожарыс Бейжіңнен басталады. Қатысушылар Қытайды аралап, 5 күн Моңғолия, Алтай (Ресей), Қазақстан, Ресей, Еуропа және Франция елдерінің аумағынан өтеді.

Айта кетейік, биыл әйгілі ралли алғаш рет бүкіл Қазақстан арқылы өтеді. 16 маусымда шараға қатысушылар Павлодарда, келесі күні Нұр-Сұлтанда, содан кейін Балкашино кентіне тоқтайды. Жол үстінде ретро автомобильдер Бурабайға соғады. Раллиге қатысушылар Қазақстанда ат басын бұратын ең соңғы қала – Қостанай. "Бейжің-Париж" раллиін ұйымдастырушы - Endurance Rally Association (ERA) (Лондон).

Жарысты ұйымдастыру идеясын LeMatin француз газеті ұсынған. Ол оны 1907 жылғы 31 қаңтардағы санында жариялаған: "Адамдар көлік бар кезде қалаған жеріне бара алатынын, қалағанын істей алатынын дәлелдеуі керек. Биыл жазда Бейжіңнен Парижге дейін автомобильмен жолға шығуға бел буатындар ма екен?".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course down  588.21  course down  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro