22 қыркүйек 2021 | 20:05

Отбасына арналған автокөлік: нарықтағы үздік жеті орынды кроссовер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Chevrolet Traverse-тің жеті орынды салоны Chevrolet Traverse-тің жеті орынды салоны

Қазақстандықтар үшін отбасы үлкен болуы әрқашан маңызды саналады. Бірнеше баланың бақытты әкесі, атасы мен әжесі - ал олар сапарға шықса, қарапайым седан жеткіліксіз. Ішкі жолдарда жайлы саяхатқа шығу үшін сәл үлкендеу көлік болған жөн, сондықтан жеті орындық кроссовер - бұл тамаша нұсқа.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар үшін отбасы үлкен болуы әрқашан маңызды саналады. Бірнеше баланың бақытты әкесі, атасы мен әжесі - ал олар сапарға шықса, қарапайым седан жеткіліксіз. Ішкі жолдарда жайлы саяхатқа шығу үшін сәл үлкендеу көлік болған жөн, сондықтан жеті орындық кроссовер - бұл тамаша нұсқа.

Біз Қазақстанда ресми түрде ұсынылған және болашақ қожайынының үмітін ақтай алатын үшқатарлы орындықтары бар бірнеше кроссоверді таңдадық. Біз көліктерді бірнеше сипаттама: қуат, жайлылық, қауіпсіздік және бағасы бойынша салыстырдық.

ҚУАТЫ

Автокөлік, әсіресе бүкіл отбасын алып жүретін көлік қуатты болуы керек! Бұл - жолдағы қауіпсіздік кепілі және жүргізушінің темір тұлпарына деген сенімі. Ішкі нарықтағы жеті орындық кроссоверлердің ең мықты өкілдерінің бірі - Chevrolet Traverse. Үлгі үлкен жол талғамайтын көліктің жайлылығы мен жолсыздық жағдайларын жеңу үшін қосалқы функцияларды біріктіреді. Бұл бүкіл отбасы үшін тамаша кроссовер.

Chevrolet Traverse

Көліктің көлемі - 3,6 литр, қуаты 318 аттың күшіне тең және айналма сәті - 360 Н*м. Модель 9 сатылы автоматты беріліс қорабымен жабдықталған, бұл бірқалыпты жүруге кепілдік береді. Сағатына жүз шақырым жылдамдыққа жету үшін 7,6 секунд жеткілікті.

Қуат тұрғысынан Traverse "ағайындыларының" көрсеткіші төмен. Мысалы, Toyota Highlander-де 249 аттың күші бар, көлемі - 3,5 литр. Модель 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен жабдықталған.

Ішкі нарықта мынадай жеті орындық автокөліктер бар: Cadillac XT6 (2,5 л, 200 а.к., 8 автоматты беріліс қорабы), Mazda CX-9 (2,5 л, 231 а.к., 6 сатылы автоматты беріліс қорабы), Kia Sorento (2,5 л, 179 а.к., 6 сатылы автоматты беріліс қорабы), AUDI Q7 (3,0 л, 249 а.к., 8 сатылы автоматты беріліс қорабы).

ТЕХНОЛОГИЯЛАР мен ЖАЙЛЫЛЫҚ

Заманауи технологиялар автокөлік жүргізушілеріне көлік жүргізуді айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді. Көпфункциялы рөл, 3 аймақтық климаттық бақылау, алдыңғы орындықтарды жылыту, борт компьютері, мультимедия және навигациялық жүйе мен тағы да басқалар - бұл функцияларды біздің жеті орындық кроссоверіміздің әрқайсынан табуға болады. Әрине, кей функция бірінде бар, бірінде жоқ немесе басқа түрде ұсынылған. Мысалы, Chevrolet Traverse жүргізушіге арналған 10 бағытты электржетекті орындығымен, 360 градус жан-жақты көру жүйесімен, видео ағынын беру мүмкіндігі бар артқы көрініс айнасымен мақтана алады. Kia Sorento-дағыдай америкалық автокөлік иесі смартфонды немесе планшетті сымсыз зарядтай алады.

Mazda CX-9 кроссоверінде жүргізуші жағдайын бақылау жүйесі бар.

Mazda CX-9 салоны

Алайда ұзақ қашыққа саяхаттаудағы жайлылықта тек технология емес, сонымен қатар, салон кеңдігі мен жүксалғыш сыйымдылығы маңызды роль атқарады. Мұнда Chevrolet Traverse көлігінің басымдығы бар. Оның жеті орындық интерьері жүргізуші мен жолаушыларды орналастырудың максимал эргономикасын ескере отырып жасалған. Бұл өз класындағы ең кең толық өлшемді кроссовер саналады. Себебі үшінші қатарды қоса алғанда, салон іші өте кең. Екінші қатарда жиналмалы "капитандық" (бөлек жиналмалы) орындықтар қойылған.


Chevrolet Traverse "капитандық" орындықтары

Сондай-ақ, саяхат кезінде жүксалғыш бөлімі маңызды роль атқарады. Мұнда Chevrolet Traverse кроссовер үшін ең жоғары көрсеткіштердің біріне ие. Трансформация кезінде жүксалғыш бөлімінің кеңістігі 2781 литр шамасына жетеді.


Chevrolet Traverse кең жүксалғышы

ҚАУІПСІЗДІК

Жайлылық жағдайы секілді автокөлік қауіпсіздігіне де әр түрлі фактор әсер етеді, бірақ, ең алдымен, бұл автобренд технологиясы қаншалықты дамығанына байланысты. Мысалы, Chevrolet компаниясы Traverse-ке мынадай функцияларды орнатты: Артта көлденең бағытта қозғалып бара жатқан нысан көрінгенін ескерту жүйесі; Жолақтан шыққанын ескерту жүйесі; Көліктің көрінбейтін аймағында нысан пайда болғанын ескерту жүйесі; Жаяу жүргіншілерді анықтау жүйесі; Алдағы соқтығыс туралы ескерту жүйесі; Соқтығысу қаупі туралы ескерту, алдыңғы шыныдағы жарықдиодты индикация; Жаяу жүргіншілермен соқтығыстың алдын алу жүйесі; Алға қарай қозғалыс кезінде автоматты тежеу ​​жүйесі; Алдағы көлікке дейінгі қашықтықты анықтау жүйесі.

Chevrolet Traverse

Ұзақ сапар кезінде жанармай багының көлемі де қауіпсіздік пен жайлылық факторы саналады, себебі ол жанармай құю үшін қаншалықты жиі тоқтайтыныңызға әсер етеді. Бұл ретте америкалық Chevrolet Traverse пен Cadillac XT6 ең үлкен багымен мақтана алады - 82 литр.

Cadillac XT6

Автокөлікті таңдау кезінде осы техникалық сипаттамалар ғана емес, эмоциялық қабылдау да маңызды - бұл темір тұлпар сізге қаншалықты ұнайды? Дегенмен, әр көліктің ерекшеліктерін зерттеп, ескерген жөн. Сонымен қатар, техникалық қызмет көрсетудің жеңіл және сапалы болуын да ескеру маңызды. Мысалы, Chevrolet иелеріне бүкіл Қазақстанда жеке қызмет көрсету орталығының менеджері көмектеседі. Chevrolet автокөліктерін қазақстандықтар 2 жылға бөліп төлеу опциясы қарастырылған арнайы ұсыныс бойынша сатып ала алады.

Chevrolet Traverse

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети