Қазақстан "Нива" автокөлігін шығаруды тоқтатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан "Нива" автокөлігін шығаруды тоқтатады ©aziaavto.kz

Кедендік одақтың "Көліктердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне енгізілген кейбір өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда "Нива" көлігінің өндірісін тоқтату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рауға сілтеме жасап. Айта кетейік, жақында Кедендік одақтың "Көліктердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне бірқатар өзгерістер енгізілген болатын. Оған сәйкес, сырттан әкелінетін жаңа көліктерде кемінде бір дана қауіпсіздік жастықшасы, тежегіштің ABS жүйесі, нәрестелерге арналған ISOFIX орындығы және иммобилайзері болуы шарт. Өзбек елінде шығарылған Daewoo Nexia мен Daewoo Matiz маркалы көліктерде бұл талаптардың бірде-бірі де сақталмаған. Сондықтан аталған көліктерді Қазақстанға әкелеуге тыйым салынды. "Өзбектің автосы қиын жағдайға тап болды. Енді, бұл қауіпсіздік шаралары ғой. Бізде "Нивадан" басқа өндірілетін маркалардың бәрінде ондай шаралар сақталған. Айтпақшы, осыған байланысты Қазақстандағы "Ниваның" өндірісі тоқтатылады", - деп атап көрсетті бүгінгі брифингте вице-министр А.Рау.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети