Қазақстанда бес айдың ішінде 300 мыңнан аса жеңіл автокөлік тіркелді

Қазақстанда бес айдың ішінде 300 мыңнан аса жеңіл автокөлік тіркелді © autokost.kz

Қазақстанда бес айдың ішінде 301 217 жеңіл автокөлік тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметінше, жыл басынан бері тіркелген жеңіл автомобильдердің саны өткен жылмен салыстырғанда 68,7 пайызға жоғары. 2015 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, жеңіл автокөліктің қолда бары - 4 467,8 мың бірлік.

Республика бойынша биыл қаңтар-мамырда тіркелген жеңіл автомобильдердің саны жағынан көшбасында Алматы қаласы тұр, мұнда 35 211 көлік тіркелген. Екінші орында - Оңтүстік Қазақстан облысы (34 254), үшінші орында - Алматы облысы (32 658), төртінші орында - Астана қаласы (25 085) және бесінші орында Шығыс Қазақстан облысы тұр, мұнда 22 386 көлік тіркелген.
 

Реклама
Реклама
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама