Қазақстандық шенеуніктер ең көп мінетін көліктер аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық шенеуніктер ең көп мінетін көліктер аталды © REUTERS

"Қазавтоөнеркәсіп" Қазақстан автокөлік саласы кәсіпорындары одағы" директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферов еліміздегі мемлекеттік мекемелер сатып алатын көліктердің тізімін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазавтоөнеркәсіп" Қазақстан автокөлік саласы кәсіпорындары одағы" директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферов еліміздегі мемлекеттік мекемелер сатып алатын көліктердің тізімін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олег Алферов брифинг барысында Қазақстандағы мемлекеттік мекемелердің 2018 жылдың басынан бері шетелде өндірілген алты көлік сатып алғанын айтты.

"Олардың көбі Toyota брендіндегі көліктер", - деп нақтылады ол.

Сондай-ақ, Олег Алферов ол көліктерді қай өңірлердің шенеуніктері сатып алғанын айтып берді.

"Қостанай облысының ішкі істер департаменті 13,9 миллион теңгеге Toyota Hilux көлігін сатып алды, ал Шымкенттің қалалық мәслихатының аппараты құны 12,9 миллион болатын Toyota Camry автокөлігін алдырды. БҚО-ның туберкулезге қарсы диспансері 12,6 миллион теңгеге Mitsubishi Outlander көлігін, Атырау облысындағы Махамбет атындағы облыстық Қазақ драма театры 9,9 миллиона теңгеге Toyota Camry көлігін және "Геофизикалық зерттеулер институты" мемлекеттік мекемесі 9,9 миллион теңгеге Toyota Hilux көлігін сатып алды", - деді Олег Алферов.

2017 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелер шетелде өндірілген жалпы құны 4,7 миллиард теңге болатын 461 автокөлік сатып алған екен. Сондай-ақ, Алферов шетелдік көліктерді сатып алуға мораторий жариялау қажеттігін айтып өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети