Ресейде автокөлік сатып алу тиімсіз болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде автокөлік сатып алу тиімсіз болуы мүмкін © drive2.ru

Ресейде автокөлік сатып алу тиімсіз болуы мүмкін, - деп хабарлайды "Колеса". "Автостат" агенттігінің сарапшылары рубльге шаққандағы доллар мен еуро бағамының өсіміне байланысты автокөліктің қымбаттауын болжап отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде автокөлік сатып алу тиімсіз болуы мүмкін, - деп хабарлайды "Колеса". "Автостат" агенттігінің сарапшылары рубльге шаққандағы доллар мен еуро бағамының өсіміне байланысты автокөліктің қымбаттауын болжап отыр.

Өткен жылдың аяғында рубль құнсызданып, автокөлік өндірушілер баға көрсеткіштерін өзгерте бастаған болатын. Ол кезде шоу-румдағы автокөліктер 20-40 пайызға қымбаттап, кейбір компаниялар ресейлік нарықтан мүлдем кетуге шешім қабылдады. Олардың қатарында Opel мен Chevrolet-ті өткізуді тоқтатқан GM бар.

"Бұл жағдай наурыз айынан бастап оңала бастады, ол кезде рубль бағамы тұрақтанып, дилерлер көтерген бағаларын түсіріп, түрлі акциялар өткізді, жаппай сатылым болып, арнайы ұсыныстар мен тағы да басқа шаралар қолға алынды. Қазіргі таңда автокөліктердің бағасы 5-15 пайызға төмендеген", - делінген жарияланымда.

Алайда соңғы екі апта ішінде валютаның 10-12 пайызға қымбаттауы сарапшыларды алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, рубль бұдан әрі құнсыздана беретін болса, шілде айына қарай жеңілдіктердің басым бөлігі тоқтатылып, кезекті қымбатшылық болады.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети