Салық органдары алматылықтардан заңсыз таксилер туралы хабарлауды өтінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салық органдары алматылықтардан заңсыз таксилер туралы хабарлауды өтінді © motor.kz

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері тұрғындардан заңсыз такси жүргізушілері жайлы хабарлауды сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы брифинг барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Марат Сұлтанғазиев айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері тұрғындардан заңсыз такси жүргізушілері жайлы хабарлауды сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы брифинг барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Марат Сұлтанғазиев айтты.

"Қоғамдық тәртіпті реттеу мақсатында біз салық әкімшілігінің жұмысын күшейте аламыз. Бұл қызмет көрсетудің сапасын жақсартады. Егер тұрғындар заңсыз такси жүргізушілерін көрген жағдайда, бізге хабарласатын болса, біз оларды тауып, заңсыз жасаған әрекеттеріне байланысты есепке аламыз. Бізде сенім телефоны бар, сайтымыз да бар. Әдетте тұрғындар бұл номерлерге такси жүргізушілерімен айғай-шу шыққанда хабарласады. Әрине, егер тұрғындар бізге хабар беріп жатса, бұл салық салуға тағы да бір нысан болады", - деді Сұлтанғазиев.

Сонымен қатар, ол такси жүргізушілерінің өз еркімен есепке тұра алатынын айтты. "Олар көбінесе патент бойынша жұмыс істейді. 12 айға алдын ала төлеп қоюға болады. Ешқандай қиындығы жоқ", - деді Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 

Оның айтуынша, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне такси жүргізушілеріне шағым айтқан тұрғындардан басқа, пәтерлерді заңсыз жалға беру деректері жайлы хабарламалар келеді екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети