Шетелдік көліктерді тіркеу 200 мың теңге: Тоқаев заңға қол қойды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдік көліктерді тіркеу 200 мың теңге: Тоқаев заңға қол қойды Фото:elements.envato.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінетін автокөліктерді заңдастыруға бастапқы тіркеу үшін алым белгілеуді көздейтін өзгерістерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінетін автокөліктерді заңдастыруға бастапқы тіркеу үшін алым белгілеуді көздейтін өзгерістерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда сайтында.

Салық кодексіне енгізілген өзгертулерде заңдастыруға жататын көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым 200 000 теңге мөлшерінде белгіленеді.

Автокөлікті заңдастыру қажетті заңнамалық өзгерістер қолданысқа енгізілгеннен және Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданғаннан кейін басталады. Бұл ретте заңдастыруды алты ай ішінде жүргізу жоспарланған.

Еске салайық, Мемлекет басшысы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінетін шетелдік көліктерді бір реттік заңдастыруды жариялаған болатын.

Бір көлікке 200 мың теңге: Қазақстанда көліктер қалай заңдастырылады?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети