Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 9 миллион теңгеге автокөліктердің VIP-номерлері сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 9 миллион теңгеге автокөліктердің VIP-номерлері сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, барлығы 28 VIP-номер сатылған, олардың жалпы сомасы 9 миллион 45 мың теңгеге тең болды. Ал ақылы номерлер беріле бастаған сәттен, яғни өткен жылдың қазан айынан бері барлығы 16 миллион 566 мың теңгеге 51 номер сатылыпты.
"Көп сұранысқа ие номерлердің көш басында 555 тұр. Ал қымбат номерлер мыналар: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Бұлардың бағасы - 451 896 теңге. Ал 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 номерлерінің бағасы - 271 534 теңге", - делінген хабарламада.