Шымкентте 19 жыл бұрын шыққан су жаңа ВАЗ сатылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 19 жыл бұрын шыққан су жаңа ВАЗ сатылып жатыр © kolesa.kz

Kolesa.kz порталында сатылымға ерекше ВАЗ 21099 көлігі шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kolesa.kz порталында сатылымға ерекше ВАЗ 21099 көлігі шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, бірінші кезекте көліктің бағасы өзіне назар аудартпай қоймайды. 2001 жылы шыққан автокөлік үшін иесі 5,7 миллион теңге сұрап отыр екен. Негізінде мұндай көліктердің орташа бағасы 650 мың теңге шамасында. 

"Көліктің қымбат болуының себебі ретінде иесі өз темір тұлпарының небәрі 1024 шақырым жүргенін айтады. Көлік Қазақстанға 2001 жылы келген, содан бері жылы гаражда сақталған. Суреттерден шынымен де оның су-жаңа екенін байқауға болады және мұның орны тек коллекциялық автокөліктер қатарында болуы тиіс. Мұны иесі де түсінеді", - деп жазады басылым. 

Автокөлік иесі көлік сататын порталда былай деп жазған: "Бұл көлік Camry, Lexus және Mercedes автомобильдері бар адамдар үшін арналған, бір сөзбен айтқанда өмірде жолы болғандар үшін. Коллекция және бұрынғы заманды аңсайтындар үшін". 

ВАЗ 21099 қозғалысына 80-ге жуық күш беретін атмосфералық қатардағы агрегат келтіріледі. 5 сатылы механикалық қорабымен екі қозғалтқыш жұмыс істейді.

Бүгінде ВАЗ 21099 сатылымда жиі кездеседі. Сайтта 1,2 мыңға жуық ұсыныс табуға болады, бірақ тек 672 автокөлік Қазақстанда кеден бақылауынан өткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети