27 шілде 2022 | 11:31

Такси қызметтері клиент қауіпсіздігіне жауап бере ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

2014 жылы inDriver стартапы Қазақстанда, содан кейін басқа көрші елдерде сәтті басталды. Бүкіл ТМД-ға арналған қосымшаның тілі орыс тілінде ұсынылды, бірақ әр елдегі қолдау қызметі екі тілде қызмет етті. Даму тобының басымдығы қызметтің тұрақтылығы мен функционалдығын жақсартуға бағытталған, стратегиялық басымдық ретінде халықаралық кеңейту танылды. Бүгін әлемнің 45 еліндегі 645 қаланы іске қосу бойынша жасалған спринтке қарап, біз жылдам экспансияға басымдықтың дұрыс таңдалғанын аңғарамыз.


Иконка комментария блок соц сети

2014 жылы inDriver стартапы Қазақстанда, содан кейін басқа көрші елдерде сәтті басталды. Бүкіл ТМД-ға арналған қосымшаның тілі орыс тілінде ұсынылды, бірақ әр елдегі қолдау қызметі екі тілде қызмет етті. Даму тобының басымдығы қызметтің тұрақтылығы мен функционалдығын жақсартуға бағытталған, стратегиялық басымдық ретінде халықаралық кеңейту танылды. Бүгін әлемнің 45 еліндегі 645 қаланы іске қосу бойынша жасалған спринтке қарап, біз жылдам экспансияға басымдықтың дұрыс таңдалғанын аңғарамыз.

Қазақстандағы inDriver бизнесін дамыту бойынша маман Степан Олесовтың айтуынша, компания жеткілікті тәжірибесі, жаңа мүмкіндіктері мен ресурстары бар неғұрлым жетілген компания бола отырып, жаңа стратегияны қабылдады, яғни егжей-тегжейлі пысықтауға, сервисті жақсартуға және неғұрлым терең бейімделуге басымдық беріледі. "Ең алдымен, біз қазақ тілін қостық және қолданушыларымыздан лезде мақұлдау жауабын алдық. Мен қосымшаны тез бейімдегім келді, енді мен бұл оқиғамен мақтана аламыз және шын қуаныштымыз. 

Енді сапар барысында мен жүргізушілерімізден дәл осы қазақ нұсқасының қолданылуын байқаймын, кейде тіпті жүргізушілер де кей сөздерді қалай жақсы аудару керектігін айтады. Жалпы, біз қосымшанының жұмысын бәріміз бірге жақсартамыз", - дейді ол.

- Қосымшада таксиден басқа қандай қызметтер бар?
- Қосымша үнемі жақсарып, дамып келеді және бұл көбінесе Қазақстан пайдаланушыларының арқасында. Күн сайын біз гипотезалар жасап, бүкіл әлем бойынша жаңа функционалды тестілейміз, және тәжірибе көрсеткендей, жаһандық жаңару алдында біз бақылау фидбегін дәл осы аймақта – Қазақстанда аламыз.
Комфорт класс, жүк тасымалы, курьерлік қызметтер, шеберлер және басқа да көптеген шешуші пысықтаулар Қазақстанда өтті. Мұнда пайдаланушылар инновацияларға ашық, пайдалы және сындарлы кері байланыс береді, біз күн сайын мыңдаған кеңестер мен ұсыныстар аламыз, оларсыз біз тез дами алмаймыз.

Мен келесі мысалды келтіре аламын: "Шебер" таңдалымында қызметтердің бірнеше санаттары бар: сантехника, құрылыс, автокөмек және тағы басқалар. "Шебер" санатында танымал қызмет ретінде (сұраныстардың шамамен 30%) "Автокөмек" танылды, және пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін біз «Автоқызметті» жеке санатқа шығаруды шештік, бұл қызмет арқылы сіз автокөлікті жөндеу шеберін таба аласыз. Әзірге бұл функция тестілік режимде және тек Қазақстанда жұмыс істейді, қорытынды нәтижелер бойынша оны басқа елдерде одан әрі дамыту туралы шешім қабылданатын болады.

- Соңғы кездері әлеуметтік желілерде жолаушылар қауіпсіздігі тақырыбы қызу талқылануда, айтыңызшы, осы мәселе бойынша жүргізушілерге қандай талаптар қойылады?

- Жүргізуші болу және тапсырыстарды орындауға қол жеткізу үшін үміткер біздің жұмыс өтілі мен жасына байланысты талаптарға сай болуы керек, автокөлікті иелену және басқару құқығына құжаттарымен тексеруден өтуі керек. Сонымен қатар, автомобильге қойылатын талаптар бар: көліктің шығарылған жылы, техникалық жағдайы және қызмет көрсету санатына байланысты тағы бірнеше тармақ.

Пайдаланушылардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету - басым міндет. Біз макроөңірлердің ерекшеліктеріне байланысты озық тәсілдер мен технологияларды енгіземіз, мысалы, Латын Америкасында жүргізушіге тапсырыстар алуға кеңес берілмейтін орындар бар, қосымша фавеллаларға (криминогендік ахуалдың жоғары аймақтары) баруды автоматты түрде шектейді. Онда жолаушыларға да жүргізушілерге сияқты верификация талабы қойылады, бұл полицияға кез келген оқиғаның барлық қатысушыларының нақты тұлғаларын тез анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда өзге қиындықтар ұшырасады, мысалы, біз фотобақылау бойынша тексеруді жиілеттік, әрбір жүргізуші мерзім сайын сәйкестендірудің белгілі бір рәсімінен өтуі міндетті. Біздің қолдау қызметіміз тәулік бойы барлық өтініштерді өңдейді, санаттарға бөледі және "Қауіпсіздікті қамтамасыз ету" белгісімен ерекшелеп, осы міндеттерді атқару жұмысына басымдық береді.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, пайдаланушыларға алғыс айтқым келеді, сіздердің өтінімдеріңіз баға жетпес, сіздер біздің әр қаладаға, әр аудандағы, әр көшедегі біздің көзіміз бен құлағымыз іспеттессіздер. Осылайша қызметті сындарлы бағалауыңыз өте құнды және бізге өзіңіздің ескертулеріңіз бен идеяларыңызды жазыңыз. Үлкен алғысымызды айтқымыз келеді.

- Жүргізушілердің жұмысын қалай бақылайсыздар, қызметтің сапасын қалай анықтайсыздар?

- inDriver ақпараттық платформа ретінде пайдаланушылар арасындағы ақпарат алмасудың сапасына, сондай-ақ платформада Қазақстан Республикасының заңдары мен inDriver платформасының ережелерін сақтауға кепілдік береді.

Бұл жеке деректерді қорғау, таспаның тұрақты модерациясы, профильдің тіркеу деректерінің сәйкестігі және т.б. Өкінішке қарай, біліксіздіктен немесе немқұрайлықтан кейбір жүргізушілер ережелерді бұзады, көп жағдайда арам ниетсіз және жасырын пиғылмен емес. Барлық жағдайларда біз тәртіптемеге сай шотты бұғаттауға дейін әрекет етеміз, ал кейбір жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бұзушы туралы ақпаратты полицияға беруге міндеттіміз. Қауіпсіздік мәселелерінде барлық IT-платформалардың әдістемелері, қағидаттары мен мүмкіндіктері бірдей, әрі ұқсас келетінін атап екенін атап өту керек.

- Сіздің клиенттеріңіз әдетте қандай мәселелерге байланысты шағымданады?

Өтініштердің басым көпшілігі тұрмыстық мәселелер: жүргізуші жолаушыны ұзақ күтті, жойылған тапсырыстар және т.б. шамамен 10%-ы, бұл - қосымшаның өзіне жіберілген шағымдар: дәл емес геолокация, интерфейспен қиындықтар және басқалары. 1% және одан төмен бұл - ТЖ санатындағы шағымдар: ЖКО, жолдағы көліктің бұзылуы және өзге де жағдайлар. Басқа қызметтерде де статистика шамамен бірдей деп айта аламын.
Әрбір өтініш тіркеледі және жедел режимде өңделеді. Біздің қолдау қызметіміз тәулік бойы жұмыс істейді.

- Қазақстандағы заманауи такси нарығына сипаттама бере аласыз ба? (такси сервистерінің бәсекеге қабілеттілігі)
- Қазір бәсекелестік өте жоғары, әсіресе ірі қалаларда. Мен мынадай мысал келтірейін: өткен жылы Қазақстанда Қытайдан ірі агрегатор іске қосылды, бірақ ол бәсекелестік күресте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алмады және нарықтан кетуге мәжбүр болды, дегенмен оның ұзақ та ауыр күрес үшін қаржы ресурстары жеткілікті болды.
Біз бәсекелестікке қуаныштымыз, өйткені тек осылай ғана пайдаланушылар жоғары деңгейдегі қызметті алады, біз күн сайын емес, әр сағат сайын дамуға "мәжбүрміз".
Нарықтың сыйымдылығына келетін болсақ, біз үлкен әлеуетті байқап, үлкен қалаларда да, шағын елді мекендерде де өсу аймақтарын белгіледік.
Біз қозғалыс еркіндігін, таңдау еркіндігін, жайлылық пен барынша көп адамға бағыт алған жеріне үлгеру мүмкіндігін сыйлауға тырысамыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети