Toyota Fortuner Қазақстанда айына 250 көлік шығаратын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Toyota Fortuner Қазақстанда айына 250 көлік шығаратын болады Toyota Fortuner. ©СарыаркаАвтоПром

Қостанайда Қазақстанда тұңғыш рет құрастырылған Toyota Fortuner автөкілігінің таныстырылымы өтті, - деп хабарлайды Tengrienws.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда Қазақстанда тұңғыш рет құрастырылған Toyota Fortuner автөкілігінің таныстырылымы өтті, - деп хабарлайды Tengrienws.kz тілшісі.

Автокөлікті салтанатты таныстырылым шарасына индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің орынбасары Альберт Рау және "Тойота Мотор Корпорэйшн" басқармасының төрағасы Такеши Учияма қатысты. Қостанай зауытында жылына үш мыңға жуық  Toyota Fortuner автокөлігін шығару жоспарланып отыр. Бұл дегеніміз бір айда Қазақстанда мұндай автокөліктің 250 данасы шығады деген сөз. Қазақстандықтар бұл автокөлік үшін жинақталуына қарай 39 - 44,5 мың долларға шығындалады. 

Toyota Fortuner автокөлігі Қазақстанда жергілікті ауа райына байланысты құрастырылады. Өндірушілер жол таңдамайтын бұл көліктің жинақталуына байланысты 70 пайызын 35-55 жас аралығында азаматтар алады деп сеніп отыр. Ал, қалған 30 пайызын корпоративтік клиенттер алады дейді. 

Раудың айтуына қарағанда, КО мен ЕАЭО іске қосылғаннан бастап еліміздегі автокөлік кәсібі 11 есеге артқан. Осыған орай, министрдің орынбасары ресейлік әріптестерін Қостанайдағы зауытқа назарларын аударуға шақырды. Ол отандық автокөлік нарығының шегі бар екендігін, сондықтан Қазақстан сыртқы нарыққа шығатынын айтты. 

Еске салайық, Fortuner автокөлігін Қазақстанда өндіру туралы 2013 жылдың ақпан айында белгілі болған. Ол кезде премьер-министр Серік Ахметов Астанада Қазақстан мен "Тойота Мотор Корпорэйшн" арасындағы меморандумға қол қойылғандығы туралы айтқан. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети