Toyota компаниясы күннен қуат алатын көлікті сынақтан өткізді

15 Қыркүйек, 11:08
0
Toyota компаниясы күннен қуат алатын көлікті сынақтан өткізді -

Toyota компаниясының инженерлері өте жұқа күн панельдерімен жабдықталған көлікті сынақтан өткізді.

Оған жерсеріктеріне арналған арнайы тақтайшалар пайдаланылған. Күннен қуат алатын панельдер электромобильдің алғы жағына, төбесіне және артқы терезесіне орналастырылған.

Ол көліктің батареясын тоқсыз қуаттандыруға мүмкіндік береді. Автомобиль сол қуатпен күніне 56 шақырым жүре алады.

"Бұл күн панельдері ғарышта қолдану үшін жасалған. Бірақ біз оны жерде коммерциялық мақсатта пайдалануға күш салмақ ойдамыз. Қазір осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр", - дейді жоба инженері Ситоси Сизука.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай