ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қазан 2021 | 11:29
Заманауи автокөліктерде сапарды қауіпсіз қылатын 5 жүйе
Автокөлік пен жалпы жол қозғалысы - ең қауіпті жерлердің бірі. Бірақ бүгінде көліксіз қайда барасыз? Сондықтан, Chevrolet сарапшыларымен бірге заманауи көліктерде сапарыңызды қауіпсіз ететін 5 жүйе туралы айтамыз.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Автокөлік пен жалпы жол қозғалысы - ең қауіпті жерлердің бірі. Бірақ бүгінде көліксіз қайда барасыз? Сондықтан, Chevrolet сарапшыларымен бірге заманауи көліктерде сапарыңызды қауіпсіз ететін 5 жүйе туралы айтамыз.
Airbag қауіпсіздік жастықтары
Қазір қауіпсіздік жастықтары жүйесі бізге қарапайым болып көрінеді, оның тиімділігіне ешкім күмәнданбайды. Бірақ автомобиль салонынан орын алып, оның ажырамас бөлігіне айналмас бұрын, қауіпсіздік жастықтары көптеген өзгерістен өткенін білдіңіз бе? Шын мәнінде, біз үйренген Airbag шамамен 40 жыл бұрын пайда болды, ал олардың алғашқы прототиптері өткен ғасырдың ортасында жасалды, содан бері үнемі өзгеріп, жетіліп келеді.
1940 жылдары ұшақтар қауіпсіздік жастықтарының бір түрімен жабдықталды, алғашқы патенттер 50-жылдары жасалды. Кейінірек, 1964 жылы жапониялық автомобиль инженері Ясузабуру Кобори қауіпсіздік жастығын үрлеу үшін жарылғыш затты қолдануға шешім шығарды, сол үшін ол 14 елден патент алды. Амал не, өнертапқыш көп ұзамай қайтыс болып, қауіпсіздік жастығы жүйелерінің кең таралуын көрмей кетті. Алайда оның өнертабысы бүкіл әлемде мыңдаған адамның өмірін сақтап қалды!
Бүгінде әрбір жаңа автокөлік қауіпсіздік жастықтарымен жабдықталған, айырмашылығы тек олардың санында. Мысалы, Chevrolet Traverse кроссоверінде жетеуі салынған.
АBS бұғаттауға қарсы жүйесі
Әрине, көбіңіз көлігіңіздегі АВЅ жүйесі туралы естіген шығасыз, бірақ кейде тежегіш педалін басқан кезде ол сықырлап, дірілдей бастағанға дейін бұл не және қалай жұмыс істейді деп ойламаған боларсыз. Бұл ABS тежеуі кезінде дөңгелектердің бұғатталып қалуына жол бермейтін жүйе.
Бұл жүйе қалай жұмыс істейді деп те сұрайтын шығарсыз. Бәрі оңай: көліктің бір жағы дымқыл немесе мұз басқан жолда, тайғақ белгіде, ал екінші жағы таза жолда келе жатыр деп елестетіп көріңіз. ABS орнатылмаған көлікте тежегішті жылдам бассаңыз, бір жағының дөңгелегі екіншісіне қарағанда лезде тоқтайды, салдарынан көлік бірден бұрылып, сырғанап кетеді. Бұл әсіресе бұрылу кезінде қауіпті. ABS бұл мәселені шешеді! Жүйе тежегіш педалін басып, нәтижесін күтудің орнына, көлікті үзік-үзікпен тоқтатып, жүргізушіге көлікпен маневр жасауға және басқаруға мүмкіндік береді.
Бірінші ABS жүйесі 1929 жылы жасалды және қауіпсіздік жастықтары сияқты авиацияда да қолданылды. Бүгінде ABS бұғаттауға қарсы жүйесі көптеген автомобиль маркасында стандарт түрде салынады. Мысалы, Chevrolet моделінің бәрі дерлік ABS жүйесінің заманауи нұсқаларымен жабдықталған.
Бағытты тұрақтандыру жүйесі (ESP)
Біздің тізімдегі үшінші орында бағытты тұрақтандыру жүйесі орналасқан. Өндірушіге байланысты әріптер комбинациясы әр түрлі болуы мүмкін, бірақ ESP аббревиатурасы бұл жүйенің ең танымалы. Оның міндеті - көліктің көлденең динамикасын бақылау және жүргізушіге көліктің сырғып кетуіне, шетке сырғанауына және басқа да қиын жағдайларға жол бермеуге көмектесу.
Егер автомобиль жолдағы тұрақтылықты жоғалтса, яғни қауіпті траекториямен жүре бастаса, онда көмекке ESP келіп, жағдайды түзейді. Біз жоғарыда айтқан ABS жүйесімен бірге жұмыс істеп, бағытты тұрақтандыру жүйесі белгілі бір дөңгелектерді баяулатады. Блок-контроллер жанармай берілуін азайтады, бұл дөңгелектерге берілетін айналма сәтін азайтады. Нәтижесінде машина бұрынғы траекториясына түседі.
"Басқару құрылғысы" деп аталатын ESP прототипі 1959 жылы патенттелген. Бүгінде көптеген заманауи көліктің ең негізгі жинақтары осы жүйемен жабдықталған. Мысалы, ESP Chevrolet-нің барлық автокөлігінде - қол жетімді Nexia мен Cobalt моделінен Chevrolet Tahoe класына дейін бар.
Көтерілу мен түсу кезіндегі көмекші жүйе (HSA, HDC)
Ал енді жүргізушілер көп біле бермейтін, бірақ сапарды қауіпсіз қылатын жүйе туралы айтайық! Біз көтерілу мен түсу кезіндегі көмекші жүйе туралы айтып отырмыз. Бұл жақында көлік жүргізу куәлігін алған жастарға, тіпті, үлкен ауыр жол талғамайтын көлікпен жолсыздықта, тау серпантиндерінде және қауіпті жолдарда да өзін сенімді және жайлы сезінуге мүмкіндік береді.
Жүйе - бұл салонда орналасқан арнайы батырма, оны жүргізуші жолсыздықпен жүрер алдында іске қосуы керек. Ол іске қосылып, көлік жоғарыға қарай көтерілгенде жүйе кері дөңгелектерді бұғаттайды, оларды көлік тек тіке жүргенде "босатады". Ал тік түсу кезінде жүйе автомобиль жылдамдығын сағатына 5-15 шақырымнан асыруға мүмкіндік бермейді. Бұл таудан түсу кезінде ең оңтайлы жылдамдық болып саналады.
Көтерілу мен түсу кезіндегі көмекші жүйесін әр автоөндіруші әр түрлі атайды, бірақ ең танылған аббревиатуралар - HSA мен HDC. Бұл жүйемен Chevrolet Tracker, Chevrolet Equinox, сондай-ақ Chevrolet Traverse пен Chevrolet Tahoe жабдықталған.
Дөңгелектің қысымын бақылау жүйесі (TPMS)
Ал соңында қарапайым болып көрінсе де, бірақ өте пайдалы саналатын дөңгелектің қысымын бақылау жүйесі туралы айтайық. Дөңгелектің желі кетуі жолдағы апатқа әкелуі мүмкін, сондықтан жүргізуші дөңгелектің қысымын бақылауда ұстауы керек. Дөңгелек қысымын бақылаудың заманауи электрон жүйесінің жұмысы өте оңай. Дөңгелектерге орнатылған сезбектер әр 60 секунд сайын басқару блогына қысым туралы ақпарат жіберіп тұрады. Ол алынған мәліметтерді зауыттан шыққандағы баптауларымен салыстырып, көлік салонындағы дисплейде көрсетеді. Егер дөңгелек қысымы дұрыс болмаса, жүйе басқару панеліне ақпарат шығарып, жүргізушіге хабарлайды.
Алғаш рет дөңгелек қысымын бақылау жүйелері өткен ғасырдың 90-жылдары америкалық әскери техникада пайда бола бастады. Қазір көптеген заманауи көлікке бұл жүйе орнатылған. Атап айтқанда, Chevrolet көлігінің бәрі осы жүйемен жабдықталған.
Сондықтан, жаңа автокөлікті таңдағанда, осы жүйелер бар-жоғына назар аудару керек. Олар жүргізушіге қиын жағдайда көмектесіп, көлік жүргізуді қауіпсіз етеді. Бірақ қауіпсіз сапардың басты кепілі көлікті мұқият жүргізу мен жол қозғалысы ережелерін сақтау екенін ұмытпаңыз.
Chevrolet автокөліктерінің сипаттамалары, жинақтары мен сатып алу шарттары туралы толығырақ ақпаратты www.chevrolet-auto.kz сайтынан білуге болады.
Бұған дейін Chevrolet сарапшыларымен бірге отын шығынын азайтуға қатысты топ-5 кеңес пен автокөліктің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін топ-7 кеңес ұсынған едік.
Серіктестік материал
Показать комментарии
Читайте также