26 шілде 2021 17:42

Автокөліктің отын шығынын азайтуға қатысты топ-5 кеңес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отын тұтыну - бұл автомобильді күтуге кететін негізгі шығын. Chevrolet сарапшыларымен бірге отын шығынын азайтуға қатысты топ-5 кеңес дайындадық.


Отын тұтыну - бұл автомобильді күтуге кететін негізгі шығын. Chevrolet сарапшыларымен бірге отын шығынын азайтуға қатысты топ-5 кеңес дайындадық.

Бірақ үнемдеуге арналған нақты кеңестерден бұрын, бүгінде автомобильдің отын шығынын азайтудың негізгі резерві оның қозғалтқыш қуатын арттыру екенін айта кеткен жөн. Себебі егер автокөлік жылдам және жеңіл қозғалса, онда бір қалыпты қозғалысты сақтауға отын аз кетеді. Мысалы, турбоқозғалтқышында 252 аттың күші бар Chevrolet Equinox көлігіне отын брендтің басқа модельдеріне қарағанда аз кетеді.

Ал енді кеңестер:

Көлікті бір қалыпты жүргізіңіз

Отын шығыны көп болуына көлік жүргізу стилі де әсер етеді. Жылдамдықты сирек арттырып, тежегішті жиі баса бермесеңіз, жанармай шығыны аз болады. Ең дұрысы бір сарынды қозғалып, бір жылдамдықты сақтау.

Газ педалін тек енді жүріп бастаған кезде басуға болады, ал сағатына 30 шақырым жылдамдықтан кейін жәй басу жеткілікті. Сонда қозғалтқыш 2 500 айналымнан аспайды. Бағдаршамға келгенде тежегішті қатты баспаңыз - беріліс қорабын бос қылып жеткен абзал. Егер көлігіңізде мехникалық беріліс қорабы болса, оны уақытында өзгертіп, жоғары жылдамдыққа тез ауыстырыңыз. Төртінші немесе бесінші берілісте сағатына 60-70 шақырым жылдамдықпен бір қалыпты жүру отын шығыны аз болуын қамтамасыз етеді. Ал автоматты беріліс қорабында отын шығыны көп болады, үнемдеу үшін газ педалін мүмкіндігінше жайлап басыңыз.

Дұрыс жүру стилі отын шығынын үндемдеп қана қоймай, көлігіңізді ұзақ уақыт жүргізуге мүмкіндік береді. 

Көліктің техникалық жағдайын бақылаңыз

Көлігіңізді жақсы техникалық жағдайда ұстасаңыз, сол кезде жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, отын шығынын да азайтасыз. Сарапшылар оталдыру білтесін уақытында ауыстыруға, жақсартылған жуғыш қасиеттері бар отын құюға, тұтқырлығы өте төмен майларды қолдануға, сондай-ақ ластанған сүзгілермен жүрмеуге кеңес береді. Сонымен қатар, ажырау мен түйісу бұрышын реттеуге ақша үнемдемеңіз, бұл артық шығынды жылына 60 литрге азайтады.

Дөңгелектердің қысымын тексеріңіз

Дөңгелектердің қысымы өндірушінің ұсыныстарына сәйкес болуы керек. Қысым 0,5 кг/см2 деңгейіне төмендесе, отын шығыны шамамен 3 пайызға артады. Алайда сіз көбіне асфальтпен жүрсеңіз, онда дөңгелектердің қысымын сәл арттыруға болады, сол кезде кедергі аз болып, нәтижесінде отын үнемдей аласыз. Дөңгелектерді маусым сайын ауыстыруды да ұмытпаңыз. Протектор неғұрлым кең болса, жанармай шығыны соғұрлым көп болады. Егер автокөлік жылы мезгілде қысқы дөңгелектермен жүрсе, онда көлік көбірек "жейді".

Айтпақшы, Chevrolet Equinox көлігінің борт компьютері қожайынына дөңгелектердің қысымы төмендегенін ескертіп отырады.

Терезені жауып жүріңіз

Ашық терезелер парашют қағидаты бойынша жұмыс істейді - жоғары жылдамдықта олар аэродинамиканы едәуір нашарлатады. Ауа кедергісінен өту үшін көп энергия қажет, сондықтан отын көп жұмсалады. Асқан жылдамдықпен қозғалу кезінде кондиционерді қосқан дұрыс, отын шығыны аз болады.

Барлық артық салмақтан құтылыңыз

Автокөлік неғұрлым ауыр болса, оның қозғалысына отын соғұрлым көп жұмсалады. Автокөлік салмағын артық жүк арқылы төмендете аласыз: салон мен жүксалғыштан қажет емес заттарды алып тастасаңыз, отын үнемдей аласыз. Сондай-ақ, қажет болмаса, көлік төбесіне жүксалғыш қоюдың керегі жоқ, бұл машинаның салмағын арттырып қана қоймай, аэродинамиканы да нашарлатады.

Заманауи автокөліктерде жанармай үнемдеуге мүмкіндік беретін түрлі жүйе барын ұмытпау керек. Мысалы, Chevrolet Equinox көлігіндегі start/stop технологиясы автомобильді үнемді етеді, 100 шақырым жолға жанармай шығынын азайтады. Сондай-ақ, ол қоршаған ортаға зиян қалдықтар шығуын азайтады және автомобильдің артық шуын басады, қозғалтқыштың нөлдік айналымдағы жұмыс істеу уақытын қысқартады.

Сонымен қатар, сарапшылар сапарды әрдайым алдын-ала жоспарлауға кеңес береді. Кептелісі аз, бойында жанармай бекеті бар жолмен жүруге тырысыңыз. Көптеген желілік жанармай бекеті үнемдеудің түрлі нұсқасын ұсынады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы - жеңілдік карталары. Неғұрлым көп жанармай құйсаңыз, пайыздық үлесі соғұрлым көп болады. Қаржы ұйымдары да үнем жолын ұсынады. Көптеген банк картасында кешбэк бар: төлем жасап, белгілі бір пайызын қайтарып аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети