Жыл басынан бері Алматы жолдарында 3 035 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан 3 452 адам жарақат алып, тағы 73 адам қаза тапты. Мұндай мәліметтер 2026 жылдың 1 қаңтары мен 31 мамыры аралығындағы статистикада көрсетілген, деп хабарлайды Tengri Auto.
Жол-көлік оқиғаларының көбі Алмалы ауданында болған - 501 жағдай.
Екінші орында Алатау ауданы тұр, мұнда 473 апат тіркелген.
"Антикөшбасшылар" үштігін 456 жол апаты болған Бостандық ауданы түйіндейді.
gis.kgp.kz сайтынан скриншот
Антирейтингте Алмалы ауданынан кейін Алатау (473 ЖКО), Бостандық (456), Әуезов (429), Медеу (369), Түрксіб (337), Жетісу (270) және Наурызбай аудандары (200 ЖКО) тұр.
Осылайша, қалада тіркелген барлық апаттың 60 пайыздан астамы төрт ауданға - Алмалы, Алатау, Бостандық және Әуезов аудандарына тиесілі.
Бес ай ішінде Алматы жолдарындағы жол-көлік оқиғаларынан 3 452 адам түрлі дәрежеде жарақат алып, тағы 73 адам опат болды. Бұл орта есеппен тәулігіне 20-ға жуық апат болып, күн сайын 22-ден астам адам зардап шегетінін білдіреді.
gis.kgp.kz сайтынан скриншот
Айта кетейік, Алматы еліміздегі жол-көлік оқиғалары саны бойынша көшбасшы өңірлердің бірі болып отыр.
Сарапшылар мәліметінше, биыл қаңтар-мамырда Қазақстанда 12,3 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның әрбір төртіншісі оңтүстік астанада болған.
Бұған дейін Алматы аулаларынан көліктер айыптұраққа жаппай әкетіліп жатқаны хабарланған болатын.
Тағы оқыңыз: Алматы мен Астанада жол апаты неге көбейіп барады: сарапшы пікір білдірді