Жиырмажылдықтың ең үздік автокөлігі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Top Gear журналы жүргізген нұсқа бойынша жиырмажылдықтың ең үздік автокөлігі анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz infosmi.net сайтына сілтеме жасап. Аталмыш журнал конвейерден 1990 жылдардан бері шыққан 50 автокөліктің рейтингін жасаған. Алайда тізімге негізінен жылы жаңа автокөліктер жайғасқан. Рейтинг 100 мың адам қатысқан онлайн-сауалнама негізінде түзілген. Рейтинг бойынша сауалнамаға қатысқандар 2005 жылы шыққан Bugatti Veyron автокөлігін ең үздік деп таныпты. Автокөлік қозғалтқышының көлемі 8 литр. Bugatti Veyron автокөлігінің қуаты мың аттың күшіне тең. Бұл агрегат спидометр көрсеткішін 100 шақырым сағатқа 2,5 секундта-ақ жеткізе алады. Сағатына 400 шақырымды еркін бағындыратын Bugatti Veyron автокөлігінің әлем бойнша 300 данасы ғана шығарылған. Екінші орынды Volkswagen Golf GTI автокөлігі иемденген. Бұл көліктің алғашқы нұсқасы 2005 жылы шыққан. Жалпы Golf моделі Volkswagen автоконцернінің тарихындағы ең сәтті жоба болды. Өйткені Golf моделі ең өтімді, сұранысқа ие автокөліктердің үздік үштігін құрайды. Журнал рейтингі бойынша үштікті зауыттан 2013 жылы шыққан Rolls-Royce Phantom автокөлігі түйіндеп тұр. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстандағы ең қымбат автокөліктер рейтингі жасалған болатын. Бір қызығы бұл тізімде де ең қымбат автокөлік ретінде 2013 жылы шыққан Bugatti Veyron қара үзген болатын. Бұл автокөліктің Қазақстан автонарығындағы құны 2,5 миллион долларға бағаланған. Ал бұл тізімде Rolls-Royce Phantom "бар болғаны" 10-шы орынды місе тұтқан. Бұл темір тұлпарға иесі 350 мың доллар сұраған-ды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети