Абай Құнанбайұлының әлемнің он тіліне аударылған еңбектері ақынның туған күніне орай шетелдік оқырманның қолына тиеді. Бұл туралы Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы мәлімдеді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Бір тілде үш мың данадан басып шығару жоспарланған. Аудармаға сол тілдердегі ең беделді деген ақын, жазушылар жұмылдырылған. Қазірдің өзінде Кэмбридж, аль-Азхар университетінің баспалары жинақты басып шығаруға ниет білдіріпті. Оған Абай Құнанбайұлының 145 өлеңі, 3 поэмасы мен 45 қара сөзі енеді. Мысалы, ақын мұрасын қазақ тілінен орыс тіліне жолма жол аудармасын жазушы Мадина Омарова жасаған. Ал, оның көркемдік аудармасымен бұған дейін "Абай жолы" романын аударған Анатолий Ким айналысады.
"Абайдың 175 жылдығына арналған негізгі шаралар енді тамыз кезіне жоспарланып отыр. Соған дейін біз жұмысты аяқтауымыз тиіс. Бұл бастаманың бір үлкен жаңалығы - Абай мұрасы қазақ тілінен 10 тілге тікелей аударылып жатыр. Өйткені бұған дейін араға орыс тілі салынып, аударуға мәжбүр болдық. Соның ішінде атап айтсақ, ағылшын, араб, қытай, түрік, жапон, неміс тіліне қазақ тілінен тікелей аударылып жатыр", - дейді Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы.