Абайдың мерейтойында шығыс жұрты 170 шақырымды жаяу жүріп шығады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Абай. ©аlemsaby.kz Абай. ©аlemsaby.kz

Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойында Семей мен Жидебай арасында жаяулар марафоны ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық ақпараттық орталығына сілтеме жасап. Бұл туралы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы міндетін атқарушы Руслан Қайырсынов хабарлады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойында Семей мен Жидебай арасында жаяулар марафоны ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық ақпараттық орталығына сілтеме жасап. Бұл туралы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы міндетін атқарушы Руслан Қайырсынов хабарлады. 

Жалғасы

"Мерейтойды тойлау шеңберінде 3-9 тамыз аралығында Семей - Жидебай бағыты бойынша "Абай Құнанбайұлына 170 жыл - 170 шақырым" атты жаяулар марафонын өткізу жоспарланып отыр. Семейден Жидебайға дейінгі жолдың тура 170 шақырымға тең болуының символдық мәні бар. Марафон кезінде елді мекендерде, жол бойындағы кемпингтерде ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады", - деді Руслан Қайырсынов. 

Еске салайық, ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының 170 жылдығы 2015 жылдың 3-9 тамызы аралығында Шығыс Қазақстанның Абай ауданында тойланады. "Абай тойы - халық тойы" атты негізгі іс-шара аясында "Қазақта Абай дара, Абай дана" облыстық ақындар мүшайрасы, "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп..." республикалық айтыс, сахналандырылған қойылымдар, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар, концерттер өткізіледі. Мерейтой шеңберінде қазірдің өзінде 20-дан астам шара ұйымдастырылды. 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro