09 қаңтар 2020 | 09:41

Академик Өмiрзақ Айтбаев қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өмірзақ Айтбаев. Ⓒtarlan.kz Өмірзақ Айтбаев. Ⓒtarlan.kz

Филология ғылымдарының докторы, профессор Өмiрзақ Айтбаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты өкілдері растады.


Филология ғылымдарының докторы, профессор Өмiрзақ Айтбаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты өкілдері растады.

"2020 жылы 9 қаңтарда таңертең Алматыда асқар тау ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмiрзақ Айтбайұлы Айтбаев дүниеден өтті. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты ұжымы Өмірзақ Айтбайұлы отбасының қайғысына ортақтасып көңiл айтады", - делінген қаралы хабарда.

"Қазақ тіл білімінің абызы, көрнекті қоғам қайраткері, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор ​ Айтбаев Өмірзақ Айтбайұлының қайтыс болуына байланысты өтетін​ іс-шаралар: қонақасы 9 қаңтарда 20.00-де "Сұлтан сарайы" (мекенжайы: Шаляпин-Әшімов қиылысы, Қалқаман-2 ықшамауданы) мейрамханасында өтеді. 
Қаралы жиын сағат 10.00-де Ғылым ордасының ғимаратында (Құрманғазы көшесі, 29) өтеді", - деп жазды А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалым хатшысы Мейрамбек Таубалдиев. 

Жерлеу​ рәсімі академиктің туған жері Отырар ауданында өтеді.

Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев 1936 жылы 5 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы қазіргі Отырар ауданы Балтакөл ауылында дүниеге келеген.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) тәмамдаған. Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

1959-1962 жылдары - "Социалистік Қазақстан" газетінің әдеби қызметкері. 1962-1999 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, аға, бас ғылыми қызметкері. 1995-1996 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының профессоры. 1997-1998 жылдары - Қ.А.Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры. 1999 жылдан - "Қайнар" университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталығының директоры қызметтерін атқарған. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті. "Құрмет", "Парасат" ордендерімен марапатталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.5   535.02   5.16 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети