АҚШ-тың федералды тергеу бюросы танымал жазушы, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының Габриэль Гарсиа Маркесті 24 жыл бойы аңдыған, - деп жазады Washington Post газеті бюродағы құпия құжаттарға сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, жазушыны аңду 1961 жылы бюро басшысы Эдгар Гувердің бұйрығымен басталған. Сол уақытта 33 жастағы Маркес Prensa Latina жаңалықтар агенттігінде жұмыс істеуі үшін отбасымен бірге Нью-Йоркке келген.
Жазушының ұлы Родриго Гарсия өздеріне немесе әкелеріне жасалған аңдуды сезбегенін де айтқан, алайда ол бұл жайтқа таңғалмаған. "Колумбиялық жігіттің Нью-Йоркте колумбиялық жаңалықтан агенттігін ашқанын есепке ала отырып, арнайы қызметтердің оны аңдымағаны таңғаларлық жағдай болар еді", - деді ол.
Габриэль Гарсиа Маркес - атақты жазушы-прозашы, баспагер және саяси қайраткер, 1982 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын алған. "Магиялық реализм" әдеби бағытының өкілі, "Жүз жылдық жалғыздық", "Патриархтың күзі" және "Полковникке ешкім жазбайды" сияқты әлемге танылған кітаптардың авторы. Маркес 2014 жылдың 17 сәуірінде 87 жасында 50 жылға жуық өмір сүрген қаласы Мехикода қайтыс болды.