04 мамыр 2016 | 17:39

Алматыда Бауыржан Момышұлы туралы кітаптың таныстырылымы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда Бауыржан Момышұлы туралы кітаптың таныстырылымы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кітап авторларының бірі Мамытбек Қалдыбайдың айтуынша, "Өнегелі өмір" жинағына қазақтың белгілі қолбасшысының өмірі туралы әңгімелер, жақындарының естеліктері, сонымен қатар Момышұлының туындыларынан үзінділер мен мақалалар, эсселер кірді. Кітапқа батырдың өте сирек кездесетін суреттері, мұрағаттағы құжаттар да енгізілді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Бауыржан Момышұлы туралы кітаптың таныстырылымы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кітап авторларының бірі Мамытбек Қалдыбайдың айтуынша, "Өнегелі өмір" жинағына қазақтың белгілі қолбасшысының өмірі туралы әңгімелер, жақындарының естеліктері, сонымен қатар Момышұлының туындыларынан үзінділер мен мақалалар, эсселер кірді. Кітапқа батырдың өте сирек кездесетін суреттері, мұрағаттағы құжаттар да енгізілді.


Сарбаз Бауыржан Момышұлы. 1932 жыл. Суретті "Бауыржан Момышұлы мұрасы" қоры ұсынды.


Бауыржан Момышұлы мен Әбділда Тәжібаев. 1927 жыл. Суретті "Бауыржан Момышұлы мұрасы" қоры ұсынды.


Бауыржан Момышұлы. 1943 жыл. Суретті "Бауыржан Момышұлы мұрасы" қоры ұсынды.


Командир Бауыржан Момышұлы фронт шебін бақылап жүр. Суретті "Бауыржан Момышұлы мұрасы" қоры ұсынды.

"Кітап арқылы біз Бауыржан Момышұлының өмірі туралы жаңа деректер беруге тырыстық. Нақтырақ айтсам, мен оның балалық, ересек шағы, туған жері туралы жаздым. Өкінішке қарай, кітапқа біз жинаған материалдардың барлығы сыйған жоқ. Болашақта оларды да жариялаймыз", - деді Қалдыбай.


Бауыржан Момышұлы әйелі Бибіжамалмен бірге. 1940 жыл. Суретті "Бауыржан Момышұлы мұрасы" қоры ұсынды.


Бауыржан Момышұлы және Әлкей Марғұлан (оң жағында). Суретті "Бауыржан Момышұлы мұрасы" қоры ұсынды. 


Бауыржан Момышұлы мен Мәлік Ғабдуллин. Суретті "Бауыржан Момышұлы мұрасы" қоры ұсынды.

1963 жылы Момышұлы Куба мемлекетіне барады. "Бауыржан Момышұлы Кубаға барған кезде оның қасына МҚК полковнигін ертіп жіберген. Олар Кубаға 10 күнге саяхатшы ретінде барады. Дегенмен Рауль Кастро Хрущевке хабарласып, оның тағы бір ай қалуын сұраған. Бауыржан Момышұлы болса 15 күннің өзі жеткілікті екенін айтады", - деді басылым авторы.


Бауыржан Момышұлының Кубаға сапары. 1963 жыл. Суретті "Бауыржан Момышұлы мұрасы" қоры ұсынды.

Момышұлы бос уақытында сурет салғанды ұнатқан.


Суретті "Бауыржан Момышұлы мұрасы" қоры ұсынды.

"Көзі тірісінде оған үш рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Дегенмен түрлі себеппен марапатталмай қалды. Ол Кеңес Одағы Батыры Алтын жұлдызын алған Қазақстандағы соңғы адам болды. Горбачев бұйрыққа 1991 жылдың 11 желтоқсанында қол қойды, кейін КСРО ыдырап кетті", - деді батырдың келіні Зейнеп Ахметова.


Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова. Фото: © Айнаш Өндіріс

Еске салайық, Бауыржан Момышұлы 1982 жылы өмірден озған болатын. Биыл батырдың өмірге келгеніне 105 жыл толады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети