08 наурыз 2017 14:50

Алматыда "Қазақстанның танымал ханымдары" көрмесі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Алматы мұражайында атақты қазақ аруларының портреті назарға ұсынылатын әйгілі, біртуар тұлғалардың көрмесі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Алматы мұражайында атақты қазақ аруларының портреті назарға ұсынылатын әйгілі, біртуар тұлғалардың көрмесі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Осы көрменің өткізілуіне Women of Kazakhstan бейкоммерциялық ұйымы "Алматы қаласы музейлер бірлестігімен" бірігіп мұрындық болды. Игі шараның негізгі қызметі тарихтағы әйелдердің бірегей тұлғалары жайлы мәлімет жинау және оны тарату болып табылады. Материалдарды жинақтау жұмыстары 1950 жылдан бастау алған және аталмыш топтама түбінде Қазақстандағы алғашқы әйелдер мұражайын құру үшін негіз болып табылады.

Көрме Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен Алматы қаласы мәдениет және архивтер басқармасының қолдауымен өткізілді. Көрменің негізгі мақсаты - нәзік жандылардың бейнесін қала тұрғындары мен қонақтарына ұсыну, олардың кәсіби, өмірлік жетістіктерін насихаттау және жас ұрпақтың рухын көтеру. Көрме аясында тарихи тұлғалар туралы шыққан еңбектер, ашық хаттар, төсбелгілер, маркалар, конверттер және күнтізбелер ұсынылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети