Алматыда Ғылым Академиясына қарама-қарсы аумақта "Кітапфест" жәрмеңкесі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.
Алматыда Ғылым Академиясына қарама-қарсы аумақта "Кітапфест" жәрмеңкесі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.
Бұл кітап жәрмеңкесін өткізудегі мақсат - әдеби оқылымдардың мәртебесін көтеру, халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Кітап жәрмеңкесіне келген қонақтардың әрбірі тегін кітап ала алды. Жәрмеңке барысында 10 мыңға жуық кітап тегін таратылды. Бұл кітаптар "Кітапханаға кітап сыйлайық" жобасының аясында бір айдың көлемінде жиналған. Сондай-ақ жәрмеңке аясында тұрғындарға Алматының кез келген кітапханасына жазылуға мүмкіндік туды.
"Оқырмандар бұған дейін де болды, әлі де бола береді. Әрине, 100 пайыздық межеде кітапхана оқырмандары болады деп айта алмаймын. Дегенмен мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер кітапханаға келеді" - дейді қаладағы №20 кітапхананың басшысы Людмила Бокаева.
Бұған қоса жәрмеңкеде Алматыдағы баспалар үйі және 5 ірі кітап стаушы компания өз өнімдерін сатылымға шығарды. Мектеп оқулықтары 15 пайыздық жеңілдікпен сатылды. Келушілерге арнап түрлі байқаулар, ойындар, концерттік бағдарламалар қойылды.
Кітап жәрмеңкесін ұйымдастырушылардың бірі Бекнұр Қисықов "Кітап желісі коммерциялық маркетинг. Мұнда кітапты сату, оқырман жинау өте маңызды. Сондықтан жазушылар жаңа оқырмандар табу үшін мұндай шараларды ұйымдастырып тұрғанымыз абзал" - деді.
Жәрмеңке барысында оқырмандар мәдениет қайраткерлерімен кездесіп, олардың жоспарлары жайында біле алды. Кітап авторлары оқырмандарына өз жұмыстары барысында орын алатын өзекті жайттарды да айтып берді.