"Алтын қалам - 2014" әдеби байқауы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алтын қалам - 2014" әдеби байқауы басталды ©meloman.kz

"Алтын қалам - 2014" әдеби байқауына жұмыстарды қабылдау басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі байқаудың ұйымдастырушылары таратқан баспасөз баянына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алтын қалам - 2014" әдеби байқауына жұмыстарды қабылдау басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі байқаудың ұйымдастырушылары таратқан баспасөз баянына сілтеме жасап.

Жүлденің мақсаты – заманауи авторлардың шығармаларына оқырманның назарын аудару, қазақстандық заманауи әдебиетті дамыту. Байқау "Жылдың ең үздік поэзиясы", "​Жылдың ең үздік прозасы", "Жылдың ең үздік драматургиясы", "Жылдың ең үздік балалар шығармасы" және "Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін" аталымдары бойынша өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық шығармалар abai.kz сайтына орналастырылады. Жүлдегерлер сайт оқырмандарының үздік шығарманы таңдауы арқылы анықталады. Оқырмандар лайықты әдеби туындыға 2014 жылдың 1 маусымына дейін дауыс береді. Кез келген адам танымалдылығына, кәсіби дайындығына, шығармашылық одақтардағы мүшелігіне, мекен-жайына және т.б жағдайларға қарамастан жүлдеге қатысуға құқылы. Қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған шығармаларды ұйымдастыру комитетінің [email protected] электронды мекен-жайына жіберуге болады. Әдеби жүлденің қорытындысы 2014 жылдың маусым айында жарияланады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети