"Анна Каренина" әлем бойынша 30 сағат бойы оқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Анна Каренина" әлем бойынша 30 сағат бойы оқылады ©#KareninaLive

3-4 қазан күндері "Каренина. Живое прочтение" атты халықаралық акция өтеді. 700-ден астам адам Google+ пен YouTube-те тікелей эфирде "Анна Каренинаны" 30 сағаттан астам уақыт бойы оқитын болады, - деп жазады "Бумага".

ПОДЕЛИТЬСЯ

3-4 қазан күндері "Каренина. Живое прочтение" атты халықаралық акция өтеді. 700-ден астам адам Google+ пен YouTube-те тікелей эфирде "Анна Каренинаны" 30 сағаттан астам уақыт бойы оқитын болады, - деп жазады "Бумага".

Жобаға танымал адамдар қатысады. Мысалы, актриса Ингеборга Дапкунайте, Елизавета Боярская, режиссерлер Егор Кончаловский, Валерий Тодоровский, Алексей Попогребский, Иван Вырыпаев және ақын Вэра Полозкова.

Айта кетейік, акцияға қатысу үшін іріктеуден өту қажет. Ол үшін үміткер Google+-тегі "Каренина. Живое издание" бетіне тіркелуі тиіс. Содан кейін романның ұсынылған төрт үзіндісінің бірін 30-60 секунд ішінде камераға оқып беруі керек. Жазылған роликті YouTube-ке #КаренинаLive хэштегімен 4 қыркүйекке дейін орналастыру қажет және ол жерде "Анна Каренинаны" оқу үшін бір қала таңдалуы керек. Шараны Лев Николаевич Толстойдың "Ясная Поляна" мұражай-усадьбасы мен Google компаниясы ұйымдастырып отыр. Акцияны жазушының шөпшегі Фекла Толстая басқарады.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети