Астанада "Ер Төстік" ертегісінің желісі бойынша мюзикл шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Facebook/ҚР Мәдениет және спорт министрлігі © Facebook/ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

"AstanaMusical" театрының әртістері елорда тұрғындары мен қонақтарына жаңа керемет шоу - "Ер Төстік" аттас қазақ халық ертегісі желісі бойынша жасалған мюзиклін тарту етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"AstanaMusical" театрының әртістері елорда тұрғындары мен қонақтарына жаңа керемет шоу - "Ер Төстік" аттас қазақ халық ертегісі желісі бойынша жасалған мюзиклін тарту етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, мюзикл тұсаукесері 14 сәуірде "Қазақстан" орталық концерт залында өтеді.

"Ер Төстік" мюзиклі Ер Төстік батыр туралы көпшілік білетін сюжет қана емес, ізгілік пен зұлымдықтың, жамандық пен жақсылықтың қақтығысы туралы халықтық эпос.Туындының басты мақсаты - Жақсылық, Абырой, Ақыл, Намыс, Махаббат секілді жоғары адамгершілік сапаларды бекіту. Олардың толассыз күші Зұлымдықты жеңіп, қараңғылықты сейілтеді. Сондай-ақ, қызыққа толы оқиғалар, батырлық, ерлік және махаббат желісінің таңғажайып шешімі. Тамаша әуеннің жарқылына толы, бірегей хореография, жанды вокал, керемет бейне инсталляция, бір сәтте ауысып отыратын көзтартарлық декорациялар, әдемі костюмдердің ауысуы мен әртістердің кәсібилігіне толған әсерлі іс-әрекет көрерменді ертегілер әлеміне еліктіріп әкетеді", - дейді министрлік.

Сондай-ақ, министрліктің мәліметінше, спектакль сахнасы заманауи декорациялармен безендірілген, видеоинсталяциялар қосылған, орындаушылар үлкен әртістік шеберлікпен өз образдарын сомдайды. "Осының барлығы музыка авторы - Болатбек Нұрқасымов, либретто авторы - Әннәс Бағдат, сценарист және қоюшы-режиссері - Есләм Нұртазин сияқты үздік мамандардан құрылған шығармашылық топтың біріккен еңбегінің нәтижесінде дүниеге келді", - делінген ведомствоның Facebook желісіндегі парақшасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro