Астанада Еуразиялық әдеби форум өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Еуразиялық әдеби форум өтеді

Астанада Еуразиялық әдеби форум өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Еуразиялық әдеби форум өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл форумды Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 20-21 қыркүйек аралығында өткізеді. Еуразиялық әдеби форум "Қазіргі заманғы сөз энергиясы" деп аталады.

"Аталған форум елордасы Астананың 20 жылдығына арналады. Бұл шараға Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен шет ел қаламгерлері қатысады. Дәл осындай ауқымды форум 1973 жылдан бері араға 45 жыл салып Елордамыз Астана қаласында өтпекші", - дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, 20 қыркүйек сағат 10.00-де Тәуелсіздік Сарайында форумның салтанатты ашылу рәсімі мен "Заманауи Еуразиялық әдебиет" кітап көрмесі және "Әдебиет және жаһандық мәселелер" мен "Аймақтық әдебиеттердің дамуы" атты екі бөлімнен тұратын пленарлық отырыс өтеді.

21 қыркүйек сағат 10.00-13.00 аралығында Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінде 4 секция бойынша: "Жаңа заман поэзиясы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер", "Жаңа заман прозасы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер", "Драматургияның өзекті мәселелері", "Қазіргі заманғы аударма ісінің хал-ахуалы" тақырыптарында басқосулар өтеді.

Әдеби форум аясында Қазақстан Жазушылар одағы мен Иран Жазушылар Қауымдастығы арасында ынтымақтастық меморандумға қол қойылады. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Академиялы кітапханасында Қазақстан - Ресей қаламгерлерінің кездесуі өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети