20 тамыз 2015 | 18:48

Әйгілі Біржан салдың шөбересі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© silkadv.com © silkadv.com

Қазақтың ұлы ақынының шөбересі Марал Теміртасов - Ақмола облысындағы Қазақстан деген ауылдың тұрғыны. Бұл туралы Massaget.kz басылымы жазды.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақтың ұлы ақынының шөбересі Марал Теміртасов - Ақмола облысындағы Қазақстан деген ауылдың тұрғыны. Бұл туралы Massaget.kz басылымы жазды.

Марал Теміртасов Зеренді ауданына қарасты Қазақстан ауылында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Сол ауылда әйелі, қызы, баласы және келіні бәрі бірге тұрады. Шөбересінің айтуынша, атақты Біржан салдың дарыны, домбырамен ән салу, өлең шығару секілді қасиеттері ұрпақтарынан ешкімге берілмеген. Өйткені қызы - заң саласында қызмет етсе, ұлы - экономист. Бірақ бала кездерінде өнермен әуестенген.

"Қызым кішкентай күнінде домбыра үйірмесіне қатысып, мектепшілік мерекелерде өнер көрсететін. Алайда өсе келе өнерді қойды. Мен ешқашан балаларымның мамандық таңдауына кедергі келтірген жоқпын. Олар өздері осы саланы таңдады. Бірақ ұлымның тілге шешендігі, табан асты суырып салмалық өнері, тапқырлығы бар. Атамыздың ақындығы осы ұлыма берілген шығар деп ойлаймын. Үлкендер "ұқсастық 7 атадан кейін келеді", - дейді ғой. Бәлкім менің немерелерім немесе шөберелерім Біржан салдай елді ауыздарына қарататын әнші, ақын болатын шығар", - деді ол. 

Маралдың өзі еркін күрестен спорт шебері кандидаты. Ол Қарағанды қаласында спорт факультетінде білім алған және спорт шебері кандидаты екенін мақтан тұтады. Бұрын студенттерді дайындаса, бүгінде дене шынықтырудан сабақ береді.

Марал Біржан сал туралы қалағанымдай көп естіген жоқпын дейді. Бірақ көп әңгімесін Степняк қаласы, Еңбекшілдер ауданының тұрғындары айтқанын айтты. Дәл осы жер әйгілі ақынның туған жері болып есептеледі.

"Біржан сал сұңғақ бойлы жігіт болған дейді. Оның бойының ұзындығы - 190 сантиметр, жүзі жарқын, көздері қара болған. Ол ән салған кезде дауысы 14 шақырымнан естілген. Адамдар бәрін тастап тыңдап, құлақ құрышын қандырған деседі. Бай-манаптар бір емес, екі тұлпар мінгізіп, қонақ қылатын болған", - деді Теміртасов.

Сонымен қатар, Біржан сал мен әкесінің арасында келіспеушіліктер болыпты. "Біржан сал әкесіне ренжігені туралы естідім. Сол себепті ол атасының қолында өскен. Оның есімі - Қожағұл. Біржан Қожағұлұлы деген осыдан шықса керек-ті. Әкесіне қарағанда атасы айтысты өте жақсы көрген және өнерді қолдаған.

Марал өзінің арғы тегін әрқашан ардақ тұтады, бірақ жарияға жар салып, жарнамалағанды жақсы көрмейді. Оның Біржан салдың ұрпағы екенін бірнеше адам ғана біледі. "Мен әйгілі әншінің шөбересімін деп ешқашан мақтанбаймын. Қазақстан елдімекеніне көшіп келген кезде шамамен 5 жылдай менің Біржан салдың шөбересі екенімді ешкім білген жоқ. Кейін бәріне белгілі болған соң, ауыл тұрғындары үйге келіп, әңгіме-дүкен құрып, түрлі сұрақтарын қоятын болды. Көпшілігін Біржанның неше әйелі болғандығы қызықтырады. Википедияда оның төрт әйелі болған деп жазады. Бірақ мен ондай ештеңе естіген жоқпын", - деді ол.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети