30 қараша 2016 | 09:35

Баян Мақсатқызы жан сырымен бөліскен кітап жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Баян Мақсатқызының Instagram парақшасынан Сурет Баян Мақсатқызының Instagram парақшасынан

Белгілі қазақстандық продюсер, тележүргізуші және актриса Баян Мақсатқызы мемуарлар жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Белгілі қазақстандық продюсер, тележүргізуші және актриса Баян Мақсатқызы мемуарлар жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол кезде мені не күтіп тұрғанын мүлде білмедім. Ақкөңіл, пәк әрі мейірімді қыз Баян. Қазір кім болдың? Қандай сындардан өттің, не білесің, қолыңнан не келеді, не туралы ойлайсың? Көп нәрсемен бөліскім келді. Жуырда кітап жарыққа шығады. Менің сіздерге айтарым бар..." - деп жазыпты продюсер Instagram парақшасында.

Еске салайық, мұның алдында Баян Мақсатқызының күйеуі тоғыз жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 10 маусымда Баян Мақсатқызы Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен. Оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Ол кезде Талғар аудандық ІІБ Бақытбек Есентаевты қамауға алып, ал жәбірленушіге үш сағат бойы ота жасалған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети