22 желтоқсан 2014 | 12:59

Байтұрсынұлы түсірілді делінген видеодан ғалымнан аумайтын тағы бір адам табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скриншот. ©Youtube.com Скриншот. ©Youtube.com

Ахмет Байтұрсынұлы түсірілген делінген видеодан ғалымнан аумайтын тағы бір адамның бейнесі табылды. Тіпті, Байтұрсынұлыға ұқсас адамдар бір кадрға түсірілген. Ғалымның Алматыдағы мұражай-үйінің директоры Райхан Имаханбетова алғашқысынан гөрі кейінгісінің түркологқа көбірек ұқсайтынын айтып, ғылыми қауымға алдымен сол кісінің бейнесін зерттеуді ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ахмет Байтұрсынұлы түсірілген делінген видеодан ғалымнан аумайтын тағы бір адамның бейнесі табылды. Тіпті, Байтұрсынұлыға ұқсас адамдар бір кадрға түсірілген. Ғалымның Алматыдағы мұражай-үйінің директоры Райхан Имаханбетова алғашқысынан гөрі кейінгісінің түркологқа көбірек ұқсайтынын айтып, ғылыми қауымға алдымен сол кісінің бейнесін зерттеуді ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Райхан Имаханбетованың айтуынша, аталған бейнежазбадағы кадрде Байтұрсынұлыға ұқсайды делінген адамның артында ғалымнан аумайтын тағы бір адам келе жатыр - "нағыз Ахмет Байтұрсынұлы сол болуы әбден мүмкін", - дейді ол. 

Оның айтуынша, бұл фильм үзіндісінің Интернетте жүргеніне біршама уақыт болса да, оған енді ғана назар аударылып жатыр. "Мәселе сол фильмдегі Ахаң бейнесінің бар немесе жоқ екендігінде ғой. Менің алғашқыда бұл фильмді дұрыстап қарау мүмкіндігім болмады. Оның үстіне, деректі фильмді алғаш әкелгендердің талдауын күттім. Алғашқыда қызу әңгіме болғанымен, арты сұйылып кетті... Қысқасы, бұл фильмде сол тұста Ахмет Байтұрсынұлы жасаған баяндаманың болмауы түрлі ойларға жетелейді. Оның басты себебі Ахмет Байтұрсынұлы Түркологтердің бірінші құрылтайында көтерген басты мәселелерде деп ойлаймын. Ахмет Байтұрсынұлы баяндамасының толық мәтінімен танысқан адам мұның мәнін бірден түсінеді. Өзін өзгелерден жоғары санайтын жұрттар Ахмет Байтұрсынұлының сөзін көрсетуді қажет деп таппаған. Десе де, осы ұлы жиынның басы-қасында Ахмет Байтұрсынұлының болғаны - тарихи шындық", - деді Имаханбетова. Ғалымның мұражай-үйі жетекшісі Байтұрсынұлы темекі шеккен емес деп отыр.

Оның Tengrinews.kz тілшісіне жіберген фотосуретінде бастапқыда Байтұрсынұлы делінген адамның соңынан ілесе шығып келе жатқан адамның, шынымен де, ұлы тұлғаға көбірек келіңкірейтінін байқауға болады (1-сурет). Маман 1926 жылғы құрылтайда түсірілген Ахмет Байтұрсынұлының өзге тұлғалармен бірге тұрған суретін де ұсынды (2-сурет).

1-сурет. 

2-сурет.

Ал алаштанушы-журналист Болат Мүрсәлім Ахмет Байтұрсынұлының 1926 жылы Қызылордада Міржақып Дулатов, Әлкей Марғұлан, Абдолла Байтасов, Мұхтар Әуезовтермен Бакудегі конференцияға барар алдында түскен суреті барын, бірақ суреттегі адам мен бейнежазбадағы адамның түр-сипаты түрлі болып көрінуі мүмкін екенін ескеру керек дейді. "Біріншіден, Ахаң ба, жоқ па - айта алмаймын. Бұл үзінді деректі фильмнен алынған ба, әлде кинохроника ма? Қай жылы, қай жерде, кім түсірген? Осыны анықтау керек. Екіншіден, 1926 жылы Бакуде түсірілгені анық болса, онда Ахаңмен сыртқы ұқсастықтар бойынша салғастыру керек. Бірақ өзге Алаш қайраткерлерінің кейбірінің темекі тартқаны белгілі болса, Ахаң темекі тартыпты деген естелік жоқ. Дегенмен тартуы мүмкін екенін жоққа шығара алмаймыз. Үшіншіден, басқа қала, басқа жиын болса, онда сол жиынның сценограммасына, ол туралы деректерге қарау керек. Бұның бәрі өте көп уақытты, ізденісті қажет ететін шаруа", - деді Мүрсәлім.

Еске сала кетейік, таяуда тарихшы, алаштанушы Мәмбет Қойгелді мен кинорежиссер-оператор Қалила Омаров Ахмет Байтұрсынұлыға ұқсас адам түсірілген видеоны мұқият зерттеу қажеттігін айтқан болатын. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымның негізін қалаушы, ұлттық жазудың реформаторы, ақын, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Алашорда өкіметінің мүшесі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети