15 мамыр 2014 | 13:10

Дарабоз бәйгесі дараларды анықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
1-ші жүлде - Қанат Әбілқайыр.©Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ 1-ші жүлде - Қанат Әбілқайыр.©Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ

Әдебиет саласында әртүрлі тақырыптағы бәйгелер мен мүшәйралардың өтіп тұратынын көзіқарақты оқырман жақсы біледі. Мерейтойлар мен басқа да шараларға байланысты өткізілетін мүшәйралардан бөлек, тұрақты түрде өтіп тұратын бәйгелер бар. Соның бірі де бірегейі – жыл сайын өткізіліп отыратын халықаралық "Дарабоз" бәйгесі. Кеше Алматыдағы Жазушылар одағында сол байқаудың қорытындысы шығарылып, арнайы мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды "Алаш айнасы" тілшісі .

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әдебиет саласында әртүрлі тақырыптағы бәйгелер мен мүшәйралардың өтіп тұратынын көзіқарақты оқырман жақсы біледі. Мерейтойлар мен басқа да шараларға байланысты өткізілетін мүшәйралардан бөлек, тұрақты түрде өтіп тұратын бәйгелер бар. Соның бірі де бірегейі – жыл сайын өткізіліп отыратын халықаралық "Дарабоз" бәйгесі. Кеше Алматыдағы Жазушылар одағында сол байқаудың қорытындысы шығарылып, арнайы мерекелік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды "Алаш айнасы" тілшісі .

Осымен тоғызыншы мәрте өтіп отырған биылғы өнер бәйгесіндегі Бас жүлдені "Саяхатшы апа" өлеңдер жинағымен белгілі жазушы, "Қазақ телевизиясының" ардагері Серік Байхонов жеңіп алды.

"Шыны керек, бұрындары мен балаларға арнап өлең жазамын деп ойламаппын. Бұл ой маған немереммен оңаша қалғанда келді. Содан бұл өлеңді бір деммен жазып шықтым. Негізінен балаларға арналған шығармаларды балалармен бірге отырып жазу керек. Мен соны ұқтым. Оның үстіне қазір балаларға арналған оқулықтар өте қымбат. Осыларға бәсеке болу алдыма қойған мақсатым еді", - деді С. Байхонов.

Биылғы жеңімпаздар арасында әріптесіміз, "Алаш айнасы" интернет-газетінің тілшісі Қанат Әбілқайыр да бар. Соңғы жылдары балалар әдебиеті тақырыбына қалам тербеп жүрген Қанат бауырымыз бірінші орынды "Көршінің қызы" деп аталатын әңгімесі үшін алып отыр.

Бұл бәйге еліміздің рухани-мәдени өміріндегі айтулы оқиғаға айналып үлгерді. Жылма-жыл өткізіліп тұратын бәйгенің имиджі жақсы қалыптасты. Өйткені қандай да бір бәйгелер өтісімен, артынша көптеген сөздер айтылады. Бәйгенің әділ өтпегендігі жайында көңілі қалған адамдардың наразы пікірлері жиі айтылады. Соның салдарынан ол мүшәйралардың соңы құрдымға кетіп жатады. Ал, "Дарабоздың" тұрақты түрде өткізіліп келе жатқанына осы әділдігі себеп болса керек.

Осы орайда бәйгенің ұйымдастырушысы, белгілі балалар жазушысы Шәкен Күмісбайұлына қаламгерлердің айтар алғысы шексіз. Ал бәйгенің сыйлық қорына, бәйге алған шығармалардың кітап болып жарық көруіне, оның таралуына кететін шығынды тоғыз жыл бойына көтеріп, демеушілік жасап, қомақты қаржы бөліп келе жатқан "Жер-Су" өндірістік-инвестициялық корпорациясының басшысы Бауыржан Оспановқа қаламгерлер мен оқырмандардың алғыстан басқа айтары жоқ. Жүлде алған шығармалар "Баянжүрек" баспасынан "Кәусар бұлақ" сериясымен қазақ және орыс тілдерінде жарық көріп отырады.

"Биылғы байқауға 460-қа жуық шығарма келіп түскен болса, солардың ішінен жиырмаға жуығы мүлде жарамсыз болып шықты. Кейбір авторлар бұл байқауға немқұрайлы қарайтындай. Олар біз көрсеткен талаптардың бірде бірін орындамаған, әріп қателерін де тексертпестен жіберіпті. КСРО тұсында балалар әдебиетінде бір әріптен қате кетсе, жауаптыларды қызметтерінен босатып, жауапқа тартатын. Ал қазір адамдар босаңсып кеткен. Алайда, айта кету керек жыл өткен сайын бәйгеде жеңімпаз атанған шығармалар сапасы жоғарылап келеді. Көңіліме медет болатыны осы", - деп ағынан жарылды Шәкен Күмісбайұлы.

Сонымен биылғы жеңімпаздармен таныс болыңыздар:

Бас жүлде - Серік Байхонов /1 миллион теңге/

1-ші жүлде - Қанат Әбілқайыр /380 мың теңге/

1-ші жүлде – Ауыт Мұхибек /380 мың теңге/

2-ші жүлде – Секен Иманасов /180 мың теңге/

2-ші жүлде – Арасанбай Естенов /180 мың теңге/

3-ші жүлде – Жандос Ысмайлов /110 мың теңге/

3-ші жүлде – Мариям Көккөзова /110 мың теңге/

3-ші жүлде – Сәбит Дүйсенбиев /110 мың теңге/

Ынталандыру жүлдесі – Кәдірбек Құныпияұлы /80 мың теңге/

Ынталандыру жүлдесі – Серікбол Хасан /80 мың теңге/

Ынталандыру жүлдесі – Ертай Ашықбаев /80 мың теңге/

Ынталандыру жүлдесі – Әбубәкір Қайран /80 мың теңге/

Байқау қорытындысы бойынша жүлде алған туындылар арнайы жинаққа топтастырылып, 3,5 мың дана таралыммен балабақшаға, мектеп кітапханаларына тегін таратылады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer